04.06.2015, 09:45 3474

Қазақ-ресей шекарасындағы шекарашылар 16 тонна контрабандалық жүкті анықтады

Еліміздіӊ солтүстігіндегі қазақ-ресей шекарасында орналасқан "Қайрақ авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды 16 тонна жүк артып "Федоровка (ҚР)-Челябинск (РФ)" бағытында кетіп бара жатқан "КамАЗ" жүк машинасын ұстады.

Астана. 04 Маусым. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ солтүстігіндегі қазақ-ресей шекарасында орналасқан "Қайрақ авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды 16 тонна жүк артып "Федоровка (ҚР)-Челябинск (РФ)" бағытында кетіп бара жатқан "КамАЗ" жүк машинасын ұстады. Шекаралық тексеру кезінде 37 жастағы отандасымыздыӊ Ресей Федерациясына темір-терсекті алып шығуға қатысты құжаттары жоқ болып шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны