05.09.2016, 18:12 4407

Қазақстанда 2016 жылы санавиация 1,4 мыӊнан астам ұшырылым жасады

Ағымдағы жылғы 8 айда ҚР ДСИДМ Республикалық санитарлық авиация бригадалары 1408 ұшырылым жасап, 1740 медициналық қызмет көрсетті.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 8 айда ҚР ДСИДМ Республикалық санитарлық авиация бригадалары 1408 ұшырылым жасап, 1740 медициналық қызмет көрсетті. Оныӊ ішінде 1365 науқас тасымалданып, 289-іне кеӊес берілді және 86 ота жасалды.

Тасымалданған пациенттердіӊ 70%-ы облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 30%-ы Астана және Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарға жатқызылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Аталған мерзім ішінде шетелдік емханалар мен медициналық ұйымдардағы ҚР азаматтары-пациенттерін Астана және Алматы қалаларына емдеу шараларын жалғастыру үшін Пусан (Оӊтүстік Корея), Цвейбрюкен (Германия), Анталия (Түркия), Измир (Түркия), Прага (Чехия), Бішкек (Қырғызстан), Мәскеу (Ресей) қалаларынан 7 ұшырылым жасалып, тасымалданды.

Санитарлық авиацияныӊ мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, акушерлік-гинекологиялық патологиялар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаӊа туған нәрестелердіӊ патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті.

Сонымен бірге, 2016 жылдыӊ 8 айында санитарлық авиацияныӊ мобильдік бригадалары әртүрлі жарақат алған 425 пациентке, оныӊ ішінде жол-көлік апатынан зардап шеккен 180 адамға медициналық көмек көрсетті.

Республикалық санитарлық авиация орталығыныӊ жұмыс істеу мерзімінде аса білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектіӊ шұғыл әрі уақытылы көрсетілуі нәтижесінде, мамандарды еліміздіӊ шалғайдағы аудандарына жеткізу, сырқат адамдарды сонымен бірге, ағзаларды әрі қарай трансплантациялау мақсатында тасымалдау арқылы мыӊдаған адамныӊ өмірі сақталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны