18.01.2007, 15:22 2760

Қазақстан 2007 жылы ішкі және халықаралық рейстер санын өсіруді жоспарлап отыр

АСТАНА. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан 2007 жылы ішкі және халықаралық рейстер санын өсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы көлік және коммуникациялар министрлігінің азаматтық авиция комитетінің салалақ кеңесінде комитет басшысы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2007 жылы әуе тасымалына сұраныс 25 пайызға өсетіндігіне байланысты ішкі әуе тасымалын 35-40 пайызға дейін өсіру жоспарлануда",- деді Е. Қошанов. Оның сөзіне сүйенсек, халықаралық әуе желілерін дамыту аясында "Қазақстандағы рейстерді атқарып жүрген шетелдік әуе компанияларының тасымалдау көлемі бойынша тепе-теңдікке жету" көзделіп отыр. "Халықаралық авиациялық бағыттарда біздің бүгінгі үлесіміз 45 пайызды құрап отыр",- деді Е. Қошанов.

Сонымен қатар, ол " қазіргі уақытта Қазақстаннан АҚШ, Франция, Италия Сингапурға тікелей авиарейстерді ашуға қажетті ауқымды жолаушылар ағымы бар екенін" атап көрсетті. Азаматтық авиация комитетінің басшысы сондай-ақ, "2006 жылы қосымша тартылған әуе ұшақтары ішкі бағыттар бойынша рейстер санын 56 пайызға, халықаралық рейстердің санын 37 пайызға өсіруге мүмкіндік жасағанын" айта кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны