21.10.2015, 13:42 3890

Қазақстан әуежайларында 2017 жылға қарай қауіпті жолаушыларды анықтайтын жүйе енгізіледі

Қазақстан әуежайларында 2017 жылға қарай қауіпті жолаушыларды анықтайтын жүйе енгізіледі. Бұл туралы бүгін Астанада әуежай мәселелеріне арналған ИАТА конференциясында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетініӊ төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті

Астана. 21 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан әуежайларында 2017 жылға қарай қауіпті жолаушыларды анықтайтын жүйе енгізіледі. Бұл туралы бүгін Астанада әуежай мәселелеріне арналған ИАТА конференциясында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетініӊ төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Халықаралық азаматтық авиация ұйымына мүше барлық елдері өздерініӊ аумағына келуге ниет танытқан адамдар туралы кез келген қажетті ақпаратты алу құқығына ие. Жолаушылар тасымалы көлемін дамыту мен арттырудағы негізгі жетістік , жолаушылар туралы алдын ала тексеру жүйесініӊ тығыз өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысты, яғни жолаушылар туралы мәліметтерді алдын ала жинау мен ұсыну қажет", - деді Б.Сейдахмет, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Комитет басшысыныӊ айтуынша, бұл ЭКСпО-2017 мен Универсиада-2017-ге таман ұйымдастырылып отырған әлемдік тәжірибе. Елдіӊ әуежайлары бұл шараларға дайын болуы керек.

"Сондықтан да біз 2016 жылға қарай аталмыш бағдарламаны әзірлей бастаймыз.Қазіргі кезде жүйе көмегімен жолаушылар туралы соӊғы мәліметтерді құру және ішкі және халықаралық бағыттарға сатып алынатын , сондай-ақ брондалатын барша әуе билеттері мәліметтер базасында жолаушыларды тіркеуді жазуды қарастырудамыз. Жүйені енгізу тиісті алгоритм жолымен, тәуекелдерді автоматты талдау арқылы жолаушылар ағымы арасынан күдікті әрекеттерімен көзге түскендері анықтауға мүмкіндік береді",-деді ол.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетудi жеӊiлдету бойынша IATA конференциясы өтуде. Шараныӊ мақсаты - қазақстандық әуежайлардыӊ ЭКСПО-2017 және Универсиада-2017-ге қонақтарды қарсы алу шараларына дайындықтыӊ мәселелерін пысықтау.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны