10.12.2007, 10:14 1824

Қазақстан Ауғанстанға қайырымдылық көмек көрсетеді

Қазақстан Ауғанстанға қайырымдылық көмек көрсетеді

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Ауғанстанға қайырымдылық көмек көрсетеді, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Астанада халықаралық қайырымдылық көмек мәселелері бойынша үкіметтік комиссияның отырысы өтті.

"Ауғанстан Ислам Республикасындағы күрделі ахуалды ескере келе, үкіметтік комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы үкіметіне Ауғанстан Ислам Республикасына азық-түлік, Қазақстан астығы мен ауылшаруашылығы дақылдарын беру; Ауғанстанның бір провинциясында асфальтті немесе құмнан төселген жол салуға қаржы бөлу; Саманган провинциясында мектеп салуға және Бамиан провинциясывнда аурухананы қалпына келтіруге қаржы бөлу жолдарымен ресми қайырымдылық көмек көрсету туралы нұсқау берге шешім қабылдады", -делінген ТЖМ ақпаратында.

"Комиссия мүшелері Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы мүшелерінің бірі ретінде өзі тәуелсіздік алған сәттен бері бітімгершілік пен басқа халықтарға қайырымдылық көмек көрсетуді қолдайтындығын паш етті, деп атап өтті", -делінген құжатта.

Ауғанстан Ислам Республикасына ресми қайырымдылық көмек көрсету туралы комиссияның шешімі Қазақстан үкіметіне жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны