06.12.2007, 16:36 3364

Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жалпы ішкі өнімнің 4 пайызына көтереді - президент (толық нұсқасы)

Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жалпы ішкі өнімнің 4 пайызына көтереді - президент

Астана. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан тәуелсіздік жылдары денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды 12 есеге өсірген және оны жалпы ішкі өнімнің 4 пайызы деңгейінде белгілейді. Бұл туралы бүгін Астананың медициналық кластер нысандарын аралау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

«Еліміз тәуелсіздік алған жылдарының бірінші күнінен бастап халықтың денсаулығына назар аударып келеді. Осы жылдар ішінде қаржыландыру көлемі 12 есеге өскен, және де оны еліміздің Жалпы ішкі өнімінің 4 пайызына дейін жеткіземіз»,- деді президент. «Соңғы жылдары жүргізіліп жатқан жұмыстар (ауылдарда 4 мың денсаулық сақтау нысандарын, Қазақстан бойынша 350 ірі медицина орталықтарын салу), әрине өз нәтижелерін беруде»,- деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. Ол, денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесінде «бірінші кезекте аналар мен балалардың денсаулығын сақтау тұр», деп атап өтті.

Президент, медициналық кластерді дамыту аясында Астанада 300 орынды Республикалық балалардың реаблитациялық орталығы мен 500 орынға арналған Ұлттық ана мен бала орталығы салынғандығын еске сала кетті. «Мен бүгін біздің әйелдеріміз үшін, біздің жаңа босанған аналарымыз бен бүлдіршіндеріміз үшін ең жақсы мүмкіндіктерді, ең жақсы жабдықтарды көргеніме қуаныштымын»,- деді ол.

Мемлекет басшысы, келесі жылы медициналық кластер құру аясында 240 орынға арналған Медициналық жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтының, Республикалық диагностикалық орталықтың, Нейрохирургияның ғылыми орталығының, сонымен қатар 180 орынға арналған Кардиохирургия ғылыми орталығының құрылыстарын аяқтау жоспарланып жатқандығын хабарлады. «Қазақстанда жүрек қан тамырлары ауруынан қайтыс болатындардың саны бірінші орында, біз жыл сайын 80 мың адамнан айырыламыз, себебі жүрекке 9 мың операция жасаудың орнына біздің тек 1200 операция жасайтын мүмкіндігіміз бар»,- деп атап өтті Н. Назарбаев.

«Біз Астанада кардиоорталық саламыз, онда жылына 2,5 мың операция жасалатын болады, сондай-ақ Алматыда, Павлодарда, Ақтөбеде орталықтар салып, 2009 жылдың аяғында Қазақстанда жүрекке 9 мың операция жасау мүмкіндігіне қол жеткіземіз, және де ешқайда барудың қажеттілігі болмайды, сапа өте жоғары болады»,- деді ол.

Сонымен қатар президент, медицина қызметкерлері де «үлкен ағартушылық жұмыстар жүргізіп, адамдарға өз денсаулықтарын күтуді үйретулері» керек, деп атап көрсетті. Жалпы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, осы саланы қаржыландыру 2007 жылы екі есеге өсіп, 310 млрд теңгеге дейін жеткен. 2005 - 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалар жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 150 ірі денсаулық сақтау нысандарының, соның ішінде 56 аурухана, 83 емхана, 9 қан құю орталығын салына бастаған және 2009 жылдан бастап ауылдарда 300 дәрігерлік амбулатория салына бастайды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ «АстанаБасжоспар» мемлекеттік-қазыналық кәсіпорынында болып, бірқатар құрылыс жобаларының жүзеге асырылуымен танысты. Атап айтқанда, Н. Назарбаев жалпы құны 2,3 млрд теңгені құрайтын «Астана» этномемориалдық кешен құрылысының жобасымен танысты. Астананың Суретшілер одағының төрағасы Сембіғали Смағұловтың хабарлауынша, бүгін президент «Қазақ елі» монументінің жобасын бекіткен. Аталмыш жоба 2008 жылы Астана күніне орай пайдалануға беріледі, деп көзделуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны