19.09.2007, 11:43 1396

Қазақстан діни нышандарды пайдалану проблемалары бойынша халықаралық бас қосу өткізуді ұсынады

Қазақстан діни нышандарды пайдалану проблемалары бойынша халықаралық бас қосу өткізуді ұсынады

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан діни нышандарды пайдалану проблемалары бойынша халықаралық бас қосу өткізуді ұсынады.

Бұл туралы бүгін ҚР парламенті сенатының төрағасы, Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев съез хатшылығының VI отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

"Келесі жылы хатшылықтың кезекті отырысын өткізетін мерзімге дейін біз Қазақстанда әрбір діннің құндылығын зерттеу мен талқылауға бағытталған конференция ұйымдастыра аламыз деп ойлаймын. ", - деді Қ. Тоқаев. "Бұл аса маңызды шара деп ойлаймын және осы шараның жүзеге асырылуын өзім тікелей қадағалағым келеді", - деді ол.

Спикердің нақтылауынша, "бас қосу аясында діндердің нышандарын пайдалану проблемалары жан-жақты талқыланады", сондай-ақ, осы мәселе бойынша дін лидерлеріне арналып коммюнике қабылдануы да мүмкін.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны