27.06.2012, 12:46 3119

Қазақстан "Е-қатысу" рейтингінде әлем бойынша ІІ орынға ие болды

Нью-Йоркте Көлік және коммуникация министрлігінің өкілдеріне БҰҰ-ның рейтингісінде "Е-қатысу" (Е-participation) бойынша II орынды иемденгені үшін сыйлық табыс етілді. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметі хабарлады.

Нью-Йорк. 27-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан "Е-қатысу" рейтингінде әлем бойынша ІІ орынға ие болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Нью-Йоркте Көлік және коммуникация министрлігінің өкілдеріне БҰҰ-ның рейтингісінде "Е-қатысу" (Е-participation) бойынша II орынды иемденгені үшін сыйлық табыс етілді. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Ша Цзукан Қазақстан республикасының өкілдеріне "For the Second Best Experience on E-Participation Worldwide" жазуы бар марапатты табыс етті.

"Е-қатысу" бойынша I орын - Оңтүстік Кореяға бұйырса, III орынды - АҚШ пен Ұлыбритания иеленді. Ал Қазақстан Сингапурмен бірге II орынды бөлісті.

Аталған индекс азаматтардың онлайн режимінде үкіметпен байланысқа шығу мүмкіндігі (блог, твиттер, әлеуметтік желілер, Интернет-конференциялар) бойынша анықталды. БҰҰ аталған ұйымға мүше 190 ел бойынша электрондық үкіметтің дамуына зерттеулер жүргізген болатын.

Бұның алдында хабарлағандай, мұндай бағалау жүйесі 2003 жылдан бері екі негізгі индекс: "е-үкіметті дамыту" және "е-қатысу" бойынша жүргізіліп келеді.

Жалпы, Қазақстанның рейтингісінде оң динамика байқалады. 2010 жылмен салыстырғанда Қазақстан 8 сатыға көтеріліп 192 елдің ішінде 46-шы орыннан 38-ші орынға орналасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны