04.09.2018, 16:02 4040

Қазақстан фильмі Ресейдіӊ Анапа қаласында өтіп жатқан XXVII "Киношок" ашық кинофестивалініӊ байқауына қатысуда

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған "На грани" фильмі қыркүйек айыныӊ 2-і мен 9-ы аралығында Ресейдіӊ Анапа қаласында өтіп жатқан XXVII "Киношок" ашық кинофестивалініӊ байқауына қатысуда.

Алматы. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған "На грани" фильмі қыркүйек айыныӊ 2-і мен 9-ы аралығында Ресейдіӊ Анапа қаласында өтіп жатқан XXVII "Киношок" ашық кинофестивалініӊ байқауына қатысуда.

Аталған кинотуынды бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, алайда тағдырлары кездейсоқ тоғыстырған жасөспірімдер туралы баяндайды. Отбасы жылуы мен жақындарыныӊ қолдауынан айырылған, тіпті қоғаммен де тіл табыса алмай жүрген олар бастарын қауіпке тігеді.

"Осындай мәдени іс-шаралар шығармашылығыӊды арттыруға, жалпы еліміздегі кино өндірісін дамутыға септігін тигізеді. "Киношок" сынды халықаралық деӊгейдегі фестивальдер барысында түрлі елден жиналатын киногерлер бір-бірімен танысуға, өз жұмыстарын көрсетуге, тәжірибие алмасуға, сондай-ақ бірлесіп жұмыс жасауға кеӊ мүмкіндік алады. Осындай байқаулардыӊ арқасында жаӊа есімдер де пайда болады. Еӊ бастысы, фестиваль қатысушылары түрлі елден келсе де, бір-бірін оӊай түсінеді. Өйткен олардыӊ тілі ортақ, ол - кино тілі", - деді жас режиссер Алдияр Байракимов.

"На грани" фильмініӊ "Киношок" фестиваліне қатысуы туралы байқаудыӊ ұйымдастырушылары "бұл картина іріктеу комиссиясыныӊ шешімі бойынша Қазақстан кино өндірісін таныстыра алатын үздік фильмдердіӊ бірі", деп ой бөлісті.

1992 жылы ашылып, бұрынғы одақтас республикалардыӊ киногерлерін басын қосып, мәдени байланыстардыӊ нығаюына бағытталған "Киношок" ашық кинофестивалі 20 жыл көлемінде көрермендерді Литва, Латвия, Эстония және ТМД елдерініӊ киноларымен таныстырып келеді. Фестиваль шеӊберінде толықметражды және қысқаметражды көркем фильмдер, деректі, телевизиялық және балаларға арналған фильмдер көрсетіледі. Толықметражды және қысқаметражды, сондай-ақ деректі фильмдерді кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Телевизиялық фильмдердіӊ үздігін көрермендер, ал балаларға арналған фильмдер байқауында ("Киномалышок") жасөспірімдерден құралған қазылар алқасы жеӊімпаздарды анықтайтын болады. Жалпы фестиваль барысында 70-ке жуық фильмдер көрсетіледі.

Анықтама:

Режиссері: Алдияр Байракимов

Продюсері: Нина Лаврик

Сценарий авторлары: Алдияр Байракимов, Венера Қайыржанова, Болат Ысқақов

Операторы: Владислав Зажерило

Композиторы: Алим Заиров

Дыбыс режиссері: Анастасия Самойлова

Қоюшы суретші: Джалалитдин Ибрагимов

Рөлдерде: Шарифбек Закиров, Илішер Абуов, Жасұлан Көпберген, Оӊдасын Бесікбасов, Нұркен Сабырхан

Алдияр Байракимов - сценарист, режиссер. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясыныӊ түлегі ("режиссер, кино және телеарна продюсері" мамандығын алған). Осы академияныӊ "Авторлық деректі фильмдер режиссері" мамандығы бойынша магистратураны бітірген. 2011-2018 жылдар аралығында он төрт қысқаметражды көркем және деректі фильмдерді түсірген (оныӊ ішінде "Костюм"(2013), "4-ші орындық" (2014) және "Хлоп-топ" (2017) фильмдердіӊ теӊ режиссері). Көптеген республикалық және халықаралық байқаулар мен кинофестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрінген. "Киносыншылар таӊдауы" жүлдесініӊ "Үздік фильм", "Үздік сценарий" және "Үздік қысқаметражды фильм" номинациялары бойынша үміткер болған.

Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны