02.06.2008, 13:01 2632

Қазақстан ғарышкері Талғат Мұсабаев Байқоңырдың құрметті азаматы болды

Қазақстан ғарышкері Талғат Мұсабаев Байқоңырдың құрметті азаматы болды

Қызылорда. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр қалалық Өзін-өзі басқару қоғамдық кеңесінің жанынан құрылған ономастикалық комиссияның ұсынысымен қалалық әкімшілік басшысы Александр Мезенцов Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, Қазақстан мен Ресей батыры, авиация генерал-лейтенанты, ғарышкер-ұшқыш Талғат Мұсабаевқа "Байқоңыр қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Талғат Мұсабаевтың Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына және ғарышты игеруге қосқан айрықша еңбегі атап көрсетілді", - деп жазылған қала басшысының шешімінде.

"125 тәулікке созылған өзінің алғашқы ғарышқа ұшу сапарын "Союз ТМ-19" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының бортинженері ретінде Т. Мұсабаев 1994 жылдың 1 шілдесінен 4 қарашасы аралығында жасады. Ол екінші ұшу сапарын "Союз ТМ-27" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының командирі ретінде 1998 жылдың 29 қаңтары мен 25 тамызы аралығында жасады. Үшінші сапар 2001 жылдың 28 сәуірі мен 6 мамыры аралығында өтті. Ол кезде Т. Мұсабаев "Союз ТМ-32" жүк кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясына алғашқы ресейлік келіп-кету экспедициясының командирі болған", - деп еске салды баспасөз қызметінің жетекшісі Любовь Брянцева.

Т. Мұсабаевпен бірге "Байқоңыр қаласының құрметті азаматы" атағына Федералдық ғарыш орталығының бұрынғы директоры Евгений Кушнир ие болды. ол өз өмірінің қырық жылын ғарыш айлағына арнаған. Осыдан бір жыл бұрын Е. Кушнир жаңа жұмысқа орналасып, Мәскеуге аттанған болатын.

Сондай-ақ, "Байқоңыр қаласының құрметті азаматы" атағы тағы екі ардагерге, атап айтқанда, ғарыш айлағының бастығының бұрынғы орынбасары Валерий Меньшиков пен Байқоңыр ғарыш айлағының ерекше бөлімнің бұрынғы бірінші басшысы Иван Заецке (өлгеннен кейін) берілді.

"Бүгінгі таңда "Байқоңыр қаласының құрметті азаматы" атағын 122 адам иеленген", - деп толықтырды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны