26.10.2009, 17:46 3356

Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды - Елбасы

"Ассамблея - еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Оның әрбір сессиясында мемлекет өміріндегі өзекті мәселелер талқыланып, келелі шешімдер қабылданып келеді. Бұл саяси құрылым халқымыздың жүрек қалауымен, қоғамның ізгі тілегімен құрылған. Сондықтан көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды мәселелер осы мінберде айтылуда",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы 15-ші сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясы 15-ші сессиясының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын",- деді президент.

"Ассамблея - еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Оның әрбір сессиясында мемлекет өміріндегі өзекті мәселелер талқыланып, келелі шешімдер қабылданып келеді. Бұл саяси құрылым халқымыздың жүрек қалауымен, қоғамның ізгі тілегімен құрылған. Сондықтан көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды мәселелер осы мінберде айтылуда",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, "ассамблея - осы жылдар ішінде байсалды жолдан өтіп, байыпты тәжірибе жинақтады. Ол еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды".

"Мәртебелі органның сессияларында қоғамдық өмірдің сан саласын қамтитын, оның келбетіне ықпал жасайтын әлеуметтік мәні зор мәселелер де талқыланды.

Біздің үлгімізді шетелдік мәртебелі меймандар да өнеге тұтуда. Олар сессия жұмысына арнайы қатысып, Ассамблея қызметінің жаңа қырларын үйренуде, бағыт-бағдарынан тәлім алуда. Ең бастысы, Ассамблеяның әрбір сессиясын қарапайым халық тағатсыздана күтеді. Өйткені барлық этносты бауырына басып, құшағына алған бұл құрылымның әрбір жиынында ортақ Отанымыздың келешегіне қатысты аса маңызды ой-пікірлер, ұсыныстар ортаға салынады. Сессияның бүгінгі мәжілісінде де осындай өзекті мәселелер талқыланып, шешім қабылданады деп сенемін,- деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны