17.05.2016, 10:13 3534

Қазақстан халқы бір жылда 257,1 мыӊ адамға артты - ҚР ҰЭМ

"2016 жылғы 1 сәуірге еліміздегі халық саны 17733,2 мыӊ адамды құрады, соныӊ ішінде қалалықтар - 10113,8 мыӊ (57%), ауылдықтар - 7619,4 мыӊ адамды (43%) құрады. 2015 жылғы 1 апреля салыстырғанда халық саны 257,1 мыӊ адамға немесе 1,47% өсті"

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 1 сәуірге еліміздегі халық саны 17733,2 мыӊ адамды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылғы 1 сәуірге еліміздегі халық саны 17733,2 мыӊ адамды құрады, соныӊ ішінде қалалықтар - 10113,8 мыӊ (57%), ауылдықтар - 7619,4 мыӊ адамды (43%) құрады. 2015 жылғы 1 апреля салыстырғанда халық саны 257,1 мыӊ адамға немесе 1,47% өсті", - делінген хабарламада, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өӊдеу нәтижесінде, 2016ж. қаӊтар-наурызда туылғандар саны 99,4 (2015 жылғы қаӊтар-наурызда - 92,1) мыӊ адамды құрады, бұл 2015ж. қаӊтар-ақпанға қарағанда 7,9% көп. Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардыӊ үлес салмағы сәйкесінше 31% (32%), 29% (29%) және 19% (18%) құрады. Туудыӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,47 (21,31) туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеӊде қайтыс болғандар саны 34,4 (33,2) мыӊ адамды құрады, бұл 2015ж. қаӊтар-наурызға қарағанда 3,6% көп. Өлім-жітімніӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,78 (7,70) қайтыс болғандарды құрады.

2016ж. қаӊтар-наурызда республика халқыныӊ табиғи өсімі 2015ж. қаӊтар-наурызбен салыстырғанда 6,1 мыӊ адамға немесе 10,4% көбейіп, 65,0 (58,9) мыӊ адамды құрады. Табиғи өсімніӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,69 (13,61) адамды құрады.

Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өӊдеу нәтижесінде, 2016 жылғы қаӊтар-наурызда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердіӊ тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2015 жылғы қаӊтар-наурызбен салыстырғанда 26,7% кеміп, 3053 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардыӊ тіркелу саны 20,3% көбейіп, 5434 адамды құрады, көші-қонныӊ айырымы - 2381 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердіӊ және сол елдерге кеткендердіӊ үлесі, тиісінше, 75,2% және 87,7% құрады. Қарастырылып отырған кезеӊде 2015ж. қаӊтар-наурызбен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 16,6% азайып, 97660 адамды құрады. Өӊіраралық көшіп-қонушылардыӊ үлесіне еліміздіӊ жалпы ішкі көшіп-қонушылар саныныӊ 42,5% тиесілі. Өӊіраралық көші-қонныӊ оӊ айырымы Алматы (8586 адам) қаласында және Ақмола (320 адам), Қостанай (318 адам), Маӊғыстау (291 адам), Павлодар (280 адам), Атырау (83 адам) облыстарында қалыптасты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны