30.06.2008, 17:26 7126

"Қазақстан халқының ассамблеясы туралы" заң жобасы күзде парламент қарауына енгізіледі

"Қазақстан халқының ассамблеясы туралы" заң жобасы күзде парламент қарауына енгізіледі

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан халқының ассамблеясы туралы" заң жобасы қыркүйек айында парламент қарауына енгізіледі. Мәдениет және ақпарат министрлігінің web-сайтында (www.sana.gov.kz) өткен Интернет-мәслихатта журналистердің сауалдарына жауап беріп тұрып, министрліктің басшысы Мұқтар Құл-Мұхаммед осылай деді.

"Қазіргі таңда заң жобасын жасау аясында заң жобасының ғылыми-құқықтық сараптамасы жасалып, жұмыс тобының бірнеше отырысы өткізілді. Биыл қыркүйек айында заң жобасы Қазақстан Республикасының парламентіне енгізіледі", - деп көрсетілген жауапта.

"Заң жобасы Қазақстан халқы ассамблеясының, Қазақстан халқы шағын ассамблеяларының ұйымдастыру-құқықтық мәртебесін, қаржыландыру мәселелері мен Қазақстан халықтарының ассамблеясы сайлайтын депутаттыққа кандидаттыққа ұсыну механизмдерін анықтайды. Осылайша, заң жобасы аясында Ассамблеяның конституциялық мәртебесі айтарлықтай кеңейді", - деді министр Интернет-мәслихатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны