02.04.2012, 15:09 6773

Қазақстан халқының саны 2020 жылға қарай 19 млн жетіп жығылады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов осылай мәлім етті.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан халқының саны 2020 жылға қарай 19 млн жетіп жығылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандағы халық саны 2020 жылға қарай 18,7 млн. адамды құрайтыны болжанады.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов осылай мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, соңғы 20 жылда еліміздегі халық санында үлкен оң өзгерістер байқалды. Үкімет тууды ынталандыру, өлім-жітімді төмендету, миграциялық тасқынды реттеу, оның ішінде оралмандарға арналған жыл сайынғы квота санын арттыру секілді бірқатар маңызды шараларды қамтыды. "Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша халық саны 16 млн. 675 мың адамды құрады. Бұл 2000 жылғы кезеңмен салыстырғанда 10,6 пайыз немесе 1 млн. 773 мың адамға артық көрсеткіш. Ал перспективадағы онжылдыққа келетін болсақ, біз жыл сайынғы халық санының өсімін шамамен 200 мың адамға есептейміз және біздің болжамымыз бойынша 2020 жылға таман халқымыздың саны 18,7 млн. адамды құрайтын болады", - дейді И. Смайылов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны