13.05.2014, 21:09 6111

Қазақстан қалаларында Халықаралық коучинг апталығы өтуде

12 мамыр күні Астанада, Алматыда, Өскеменде және Бішкек қалаларында 18 мамырға дейін жүргізілетін ІІІ Халықаралық коучинг апталығы басталып кетті.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. 12 мамыр күні Астанада, Алматыда, Өскеменде және Бішкек қалаларында 18 мамырға дейін жүргізілетін ІІІ Халықаралық коучинг апталығы басталып кетті.

Астана, Алматы, Өскемен және Бішкек қалаларында кәсіби коучтердің ашық мастер-кластары өтетінін атап өтуіміз қажет, деп шараны өткізу серіктесі "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік компаниясы хабарлады.

Бұл іс-шаралар кәсіпкерлерге, әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге және осы коучинг тәсілдерін өз өмірінің түрлі салаларына қолданғысы келетін барлық азаматтарға арналған. ХКА-да өтетін барлық мастер-кластар тегін өткізіледі.

Коучинг саласына оқытатын әлемдегі ең ірі оқу орындарының бірі Эриксон атындағы Халықаралық коучинг университетінің ресми өкілі "Step&Grow" коучинг Академиясы ұйымдастырып отырған Қазақстандағы III Халықаралық коучинг апталығы, елімізде жыл сайын өткізіліп отыратын елеулі оқиға. 2012 жылдың ақпан айында Қазақстан тұңғыш рет Халықаралық коучинг қауымдастығына еніп, осы жылы өзінің ең алғышқы Халықаралық коучинг апталығын өткізді.

Халықаралық коучинг апталығы дүние жүзі бойынша бір мезгілде өткізіледі. Бұл, ICF стандарты бойынша коучингтің не екенін және ол несімен тиімді әрі пайдалы екенін айтып түсіндіру үшін 100 шақты мемлекеттен 22 мыңға жуық ICF коучтары қатысатын орасан зор оқиға болып табылады. Коучинг апталығының негізгі қағидаларының бірі - қарымтасыздық, яғни барлық іс-шаралар: мастер-кластар, лекциялар және коуч-сессиялар, барлығы да тегін жүргізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны