24.06.2008, 17:33 2792

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың даму жоспарына гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін енгізу қажет - сарапшы

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың даму жоспарына гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін енгізу қажет - сарапшы

Алматы. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың даму жоспарына гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін енгізу қажет. Бұл туралы бүгін "Қазақстан - Ресей: Жол картасы" атты дөңгелек үстелде ҚР алғашқы президентінің қорының атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгін талқыланып отырған ең маңызды мәселе жаңа Қазақстан - Ресей жол картасының жасалу мүмкіндігі. Себебі, "2007-2008 жылдардағы Қазақстан - Ресей" іс-әрекеттер жоспары бар. Алайда, ол жақында аяқталады. Бұл құжатта гуманитарлық ынтымақтастық, ғылым мен мәдениет салаларындағы ынтымақтастық тарауының болғаны дұрыс болған болар еді", - деді Б. Мұхамеджанов.

Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстан Болон үлгісіне қарай дамып келеді. Сонымен бірге, ол батыстық үлгіге көшу процессі еш ауыртпалықсыз өтуі үшін дәстүрлер мен табыстарды сақтау қажеттігін атап көрсетті. "Ресей мен Қазақстанда ҰБТ емтиханы ауыр тиюде. Яғни, көптеген сұрақтар туындауда және ең бастысы - мектеп түлектері үшін аса ауыр психологиялық күйзеліс байқалуда. Сондықтан бұл мәселелердің шешілгені, олардың дамуға ықпал ететіндей ақылмен шешілгені жөн", - деп атап көрсетті Б. Мұхамеджанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны