12.10.2009, 11:46 2922

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық Жайық өзенінің жағасына су шаруашылығы нысандарын салмайтын болды

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық Жайық өзенінің жағасына су шаруашылығы нысандарын салмайтын болды

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық Жайық өзенінің жағасына су шаруашылығы нысандарын салмайтын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Жайық өзенін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі қазақ-ресей комиссиясының өткен аптада Астраханьда өткен отырысында осындай шешім қабылданды.

Мәжіліске арқау болған негізгі мәселе - табаны таязданып бара жатқан Жайықты аман алып қалудың жайы болды. Жаңа су шаруашылығы нысандарының құрылысынан бас тартумен қоса, қолданыстағы бас тоған нысандарын жаңарту, суды тиімді пайдалану жөніндегі іс-шаралардың тізбесін жасау туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны