27.05.2008, 14:19 2603

Қазақстан мен Ресейдің Қоғамдық палаталары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Ресейдің Қоғамдық палаталары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламенті мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палата мүшелерінің Мәскеуге сапары барысында Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қол қойылған құжат осы органдар арасындағы ынтымақтастық формасын белгілейді", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Қазақстан жағынан меморандумға мәжілістің жанындағы Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Владимир Дворецкий, ал Ресей жағынан - Қоғамдық палатаның хатшысы, Ресей Федерациясының Қоғамдық палата кеңесінің төрағасы Евгений Велихов қол қойды.

Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палата ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2005 жылдың қыркүйек айында құрылған болатын. Бастабында ол Қоғамдық сарапшылар палатасы түрінде жұмыс істеді. Оны қазіргі мәжілістің жанындағы Қоғамдық палата алмастырды. Ол Қазақстанның мемлекеттік билік органдарының азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтасу механизмдерін жетілдіру үшін құрылған. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар заңдарды қабылдау кезінде қоғамдық сараптама жасау қарастырылған.

Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасы 2005 жылдың 4 сәуіріндегі "Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасы туралы" Ресей Федерациясының федералдық заңына сәйкес құрылған. Ол екі жылға сайланады. Палата азаматтардың мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін құрылған. Мақсаты - азаматтардың қажеттілігі мен мүдделерін тіркеу, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру кезінде олардың құқығы мен еркіндігін қорғау. Сондай-ақ, билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылау орнату міндеті де жүктеліп отыр. Бірінші шақырылымдағы Қоғамдық палата 2006 - 2007 жылдары жұмыс істеген. Ал екінші шақырылымдағы Қоғамдық палатаны құру 2007 жылдың желтоқсан айында аяқталған-ды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны