17.10.2006, 14:59 2835

Қазақстан мен Ресейдің зиялы қауым өкілдері Астанада Илемдік рухани мәдениет форумын өткізуді ұсынады

АСТАНА. 17-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресейдің зиялы қауым өкілдері Астанада Илемдік рухани мәдениет форумын өткізуді ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Илемдік рухани мәдениет форумын Астанада өткізуді ұсынамыз. Өйткені, кейінгі кездері осы қала әлемнің рухани астанасы ретінде белсендірек таныла түсті". Бұл жөнінде "Руханият пен мәдениет эктремизм мен лаңкестікке қарсы" атты халықаралық бас қосуға қатысушылардың бүгін мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлеріне, конфессиялардың жетекшілеріне, дүниежүзілік рухани қоғамға арнаған мәлімдемесінде айтылған.

Құжат авторларының пікірінше, "әлемдік рухани форум дүниежүзінде тепе-тең ахуал қалыптастыра алатын жаңа рухани орталық функциясын атқара алар еді". "Форум руханият пен мәдениеттің адамзат өркениетінің басқа құндылықтарынан әлдеқайда биік тұратынын бекітуге, өмірде келісім мен тату көршілік, ізгілік пен зорлықтан бас тарту идеалдарын орнықтыруға тиіс",- деп пайымдайды бастамашылдар.

"Біз рухани келісім идеясын дамытуда бірегей іс тындырып жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекеттік саясаткер ретінде руханият пен мәдениеттің басымдығын жалпақ жұртқа паш ете алатын жаңа рухани орталық құрушы лидер болуды сұраймыз",- делінген жолдауда.

Бас қосуға Қазақстан мен Ресейдің Иосиф Кобзон, Станислав Говорухин, Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменов сынды танымал мәдениет және өнер қайраткерлері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны