08.10.2008, 16:58 3282

Қазақстан "Мүгедектердің құқықтары туралы" конвенцияға бірігуді қолдайды - Еңбек министрлігі (толық нұсқасы)

Қазақстан "Мүгедектердің құқықтары туралы" конвенцияға бірігуді қолдайды - Еңбек министрлігі (толық нұсқасы)

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан "Мүгедектердің құқықтары туралы" конвенцияға бірігуді қолдайды. Бұл туралы "Мүгедектердің құқықтары туралы" конвенция бойынша еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен қоғамдық тыңдауларда вице-министр Гүлнәр Ділімбетова мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір Қазақстан үкіметі осы конвенцияға бірігу бағытында жұмыстар жүргізуде", - деді Г.Ділімбетова.

Бұған дейін ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Ибішевтің хабарлағанындай, "бұл конвенция ауқымды қаржы жұмсауды талап етеді. Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған қоғамдық көлік болуға тиіс. Арнаулы жұмыс орындары құрылуға тиіс. Қазақстанда оған қаржы табуға мүмкіндіктер бар. Комиссия конвенцияға қол қойып бекітуге болады деп санайды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны