12.05.2017, 17:44 5313

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне "Questra Holdings Inc." компаниясына қатысты бүкіл ел бойынша тергеу ұйымдастыру үшін тергеу тобын құруға нұсқау берілді

Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ бастамасымен ішкі істер органы осы жылдыӊ 15 наурызынан "Questra Holdings Inc." қатысты қылмыстық іс бастады

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы "Questra Holdings Inc." компаниясы туралы ақпарат бойынша түсініктеме таратты, -деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жақында БАҚ-та "Questra Holdings Inc." компаниясы туралы мақала жарияланды. Ол туралы Парламент депутаттары да айтты. Бұл туралы келесі жұмыстар атқарылды.Бірінші. Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ бастамасымен ішкі істер органы осы жылдыӊ 15 наурызынан "Questra Holdings Inc." қатысты қылмыстық іс бастады. Екінші. ІІМ-не бүкіл ел бойынша тергеу ұйымдастыру үшін тергеу тобын құруға нұсқау берілді. Үшінші. Ұлттық Банкпен, ІІМ-мен және Мемлекеттік кірістер комитетімен бірігіп жағдайды бақылауға алып, қаржы пирамидаларыныӊ қызметтерін бұлтартпау үшін шаралар қабылдаймыз.Азаматтарды сақ болуға және өз қаражаттарын алаяқтарға сеніп тапсырмауға шақырамыз. Күмән туған жағдайда, ақшаны салмас бұрын құқық қорғау органдарына жүгінген жөн",- делінген хабарламада.

"Ғаламтор мен электронды төлем құралдары қарқынды дамуда. Нарықта осы құралдарға ақшаны тиімді инвестициялаймыз деген сияқты көптеген ұсыныстар бар. Алайда оны қалай дұрыс жасау керектігін барлығы бірдей біле бермейді.

Оны алаяқтар өз мақсаттарына пайдалануда. Қаржы пирамидаларыныӊ адал ұйымдардан айырмашылығы неде? Біріншіден, олар орасан зор пайдаға кенелтемін деген уәдемен адамдарды жаппай өздеріне тартады. Ал ондай пайданы ешбір банк те, ешбір басқа ұйым да қамтамасыз ете алмайды. Бұл күмән туғызуы керек.

Екіншіден, олар шет елде тіркелген, құрылтайшылары белгісіз, ақша шет елге шығарылады. Олардыӊ өкілдері ақшаны қалай табатындарын және алынған қаражатты қайда салатындарын нақты, анық түсіндіріп бере алмайды. Оныӊ орнына сіз маӊызды серіктес пен жобалар туралы алдын ала дайындалған әӊгімелерді естисіз, әдемі буклеттерді көресіз. Үшіншіден, олар сіз жаӊа клиенттер әкелсеӊіз, қосымша табыс төлейтіндерін уәде етіп үнемі ынталандырып отырады.

Осы белгілердіӊ барлығы Қазақстанда жарнамасы мен қызыметіне тыйым салынған қаржы пирамидасына нақ кез болғаныӊызды көрсетеді (ИҚБ Кодексі 150-бап және ҚР ҚК 217-бап). Егер сіз алаяқтарға алданып қалған болсаӊыз, полицияға немесе экономикалық тергеу қызметіне жүгінуіӊіз керек,- деп ескертеді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны