14.11.2016, 18:48 4996

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде "Даланыӊ алып қоӊырауы" атты көрме ашылады

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқыныӊ қоғамдық ой-пікірі, мәдениеті мен әдебиеті тарихында жаӊашыл-педагог, жаӊа мектептердіӊ ұйымдастырушысы, этнограф, фольклоршы, ақын, прозашы және орыс классиктері туындыларыныӊ аудармашысы ретінде танылған бірегей тұлғалардыӊ бірі.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - Аса көрнекті халық ағартушысы Ыбырай Алтынсаринніӊ (1841-1889) туғанына 175 жыл толуына орай оныӊ өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау әрі дәріптеу мақсатында Алматыдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚФ, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесініӊ басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерініӊ біліктілігін арттыратын республикалық институтымен бірлескен көрме ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды музейдіӊ баспасөз қызметі.

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқыныӊ қоғамдық ой-пікірі, мәдениеті мен әдебиеті тарихында жаӊашыл-педагог, жаӊа мектептердіӊ ұйымдастырушысы, этнограф, фольклоршы, ақын, прозашы және орыс классиктері туындыларыныӊ аудармашысы ретінде танылған бірегей тұлғалардыӊ бірі.

Ойшыл ұстаз білім беру саласында орыс-қазақ мектептерініӊ оқушыларына арнап жазған "Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы" және "Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық" атты екі оқу құралы, "Бір уыс мақта", "Қисық ағаш", "Таза бұлақ", "Шеше мен бала", "Ақымақ дос", "Тазша бала", "Қыпшақ Сейітқұл", "Талаптыӊ пайдасы", "Бақша ағаштары", "Асыл шөп", "Мейірімді бала", "Дүние қалай етсеӊ табылады", "Жиренше шешен", "Бай мен жарлы баласы", "Ике мен бала", "Мақта қыз бен мысық" сияқты мысал әӊгімелері, "Кел балалар оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар", "Өзен", "Жаз" және т.б. өлеӊдерімен кеӊінен танымал.

Айтулы көрменіӊ негізін ағартушыныӊ ҚР МОМ қорында сақталынып отырған жеке қалта сағаты, оныӊ өмірі мен шығармашылығына байланысты қолжазбалар мен басылымдар, фотоқұжаттар мен хаттар, өзі әрі жақын туған-туыстары мен шәкірттері туралы деректі материалдар құрайды.

Өз заманыныӊ қайраткері болған педагогтіӊ ғұмыры мен артына қалдырған елеулі мұрасын зерттеген И. Марғұлан, Ғ. Қайырбеков, И. Сыдықов, Ш. Ахметов және т.б. жазушы-ғалымдардыӊ еӊбектері, шет тілдеріндегі аударма кітаптар, кейінгі кезде жарық көрген тыӊ басылымдармен бірге оныӊ ҚР БҒМ Ғылым комитеті "Ғылым ордасы" кітапханасынан алынған қолжазбалары (баспаға шықпаған өлеӊ, Сүлеймен төреніӊ қызына жазған өлеӊі, хан мен байларға, бектерге арнап жазған өсиет өлеӊі) мен еӊбектері де ("Шариат-үл-ислам", "Мәктубат", "Асан мен Үсен") осы көрме төрінен орын алады.

Сондай-ақ аталмыш көрмеге ағартушы ұстаздыӊ Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатынан және ҚР Мемлекеттік орталық киноқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан, Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінен, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтыныӊ музейінен алынған фотосуреттер мен құжаттардыӊ көшірмелері, жақын туысы Қазақстан Республикасыныӊ Халық жазушысы, көрнекті ақын Мәриям ХакімИжанова мен шәкірттері Ахмет Балғымбаев, Б. Ақтамберлин, Спандияр Көбеев, Жамаледдин Бейсеновтіӊ жеке заттары, фотосуреттері, қолжазбалары жұрт назарына ұсынылады.

"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығыныӊ музейінен уақытша алынған ағартушыныӊ бюсті мен "Мамания" мектебініӊ макетін және мектеп партасын, Мемлекеттік Ұлттық кітап палатасы ұсынған ұстазға қатысты басылымдарды да осы көрмеден тамашалауға болады.

Көрменіӊ ашылу салтанатынан соӊ "Ұстаздыӊ ұлағаты" атты семинар сабақ өткізіледі. Көрме аясында ұйымдастырлып отырған бұл семинарда республикамызға белгілі ғалымдар мен ұстаздар тарапынан мектеп мұғалімдері мен оқушыларға және жоғарғы оқу орындарыныӊ студенттеріне арналған дәріс оқылып, арнайы сертификаттар беріледі.

Бүкіл ғұмырын қазақ балаларын білім нәрімен сусындату жолына арнаған ағартушыныӊ өмірі мен мұрасы кейінгі ұрпақ үшін өр әділеттілік пен зор адамгершілікті және асқақ рух пен кемел парасаттылықты үздіксіз дәріптеудіӊ әрқашанда жарқын үлгісі бола бермек.

Сіздердіӊ назарларыӊызға ұсынылып отырған аталмыш көрме 4-залдағы алаӊда орналасқан.

Көрме Алматыда 2016-жылдыӊ 17-қарашасы күні сағат 15. 00.-де ашылады және 2016 жылдыӊ 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны