23.02.2007, 17:10 3784

Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі: Мемлекеттік органдарда қазақ және орыс тілдері қандай жағдайда да тең дәрежеде, ал мемлекеттік емес органдарда өз қалауы бойынша қолданылады

АСТАНА. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі: Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарында қазақ және орыс тілдері қандай жағдайда да тең дәрежеде қолданылады, ал мемлекеттік емес органдарда әркімге қатынас тілін таңдау құқығы берілген. Бұл туралы бүгін мәжіліс депутаттарының сауалы бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов жария еткен Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Конституциялық кеңес сауалды зерделей отырып қаулы етеді: ... қазақ және орыс тілдері мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарында қандай жағдайда да тең дәрежеде, бірдей қолданылады",- деді деді И. Рогов.

Сонымен қатар, Конституциялық кеңес басшысы "мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы қазақ тілі мен ресми қолданылатын орыс тілінің теңдігі орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесін беру деген сөз емес", деп түсіндірді. "Мемлекеттік тіл мәртебесінің жоғарлылығын Коституцияда бекітілгендігі мен заңдар арқылы жариялы-құқықтық салада қазақ тілін жеке дара немесе басымдықпен қолдану мүмкіндігін белгілегендік айқын паш етеді",- деп атап өтті Конституциялық кеңес төрағасы.

Конституциялық кеңеске "мемлекеттік тіл мемлекеттік емес ұйымдарда қоғамдық маңызды іс-шаралар жүргізуде ресми қолданылатын тілмен салыстырғанда басымдыққа ие ме" және де "Конституцияның 7-бабының 2-тармағының мәтініндегі "тең" терминінің аталмыш іс-шараларға қатысы бар ма" деп қойылған сұраққа И. Рогов былай деп жауап берді: "Конституция қазақ және орыс тілдерінің мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарынан тыс, атап айтқанда қоғамдық маңызды іс-шаралар жүргізуде, ассамблеяларда, қабылдауларда, мәслихаттарда, "дөңгелек үстел" отырыстарында тең қолдануды белгілемейді".

"Конституцияның 7-бабының 2-тармағында қолданылған "тең" термині мұндай іс-шараларға қатысты емес, Республикамыздың Конституциясы әркімге өз қалауы бойынша қатынас тілін таңдауға құқық береді",- деп атап өтті И. Рогов. Сонымен қатар, ол "мемлекет мемлекеттік тілге қамқорлық көрсетуге және оның дамуын анталандыруға, тек мемлекеттік-құқықтық реттеу саласында ғана емес, сондай-ақ қоғамның басқа да барлық саласында оның қолданылуы мен таралуына жағдай жасауға тиіс", деді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің қаулысында, заңдар мен құқық қолдану тәжірибесі Конституцияның кімге болмасын қандай да бір, соның ішінде тілге қатысты кемсітушілік көрсетілмейтіндігі жөніндегі талаптарын ескеруге тиіс екендігі көрсетілген. "Сондай-ақ, әркімнің туған тілі мен мәдениетін қолдану, қатынас, тәрбие, білім алу және шығармашылық тілін еркін таңдау құқығын бекітетін конституциялық ережесі ескерілуге тиіс",- деп қорытындыларды өз сөзін И. Рогов.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Мұхтар Шаханов бастаған бір топ мәжіліс депутаттары Конституциялық кеңеске "Қазақстан Республикасының тілдер туралы" заңының Конституцияға сәйкестігі туралы 1997 жылы 8-мамырдағы Конституциялық кеңестің қаулысын түсіндіруді сұраған. Атап айтқанда Мұхтар Шаханов Тәуелсіздік алған кезден бері қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді қолдану құқықтарына қысымшылық жасалып келеді, деп санайды. Депутаттың пікірінше, қазақ тілінің мәртебесі басқа тілдерден басым, әсіресе, қоғамдық маңызды іс-шаралар жүргізуде басым болуға тиіс.

Баршаға белгілі, Конституциялық кеңестің қаулысы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, оған қарсы шағымдануға жатпайды, республика аумағында жалпыға міндетті және түпкілікті болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны