15.10.2018, 14:56 5078

Қазақстан Республикасыныӊ Омбудсмені Астана қаласыныӊ қоғамдық көлік жұмысына мониторинг жүргізді

Осылайша, елордада жұмыс істейтін 30 терминалдыӊ тек сол жағалауында барлығы 7 терминал орналасқан, оныӊ 5-і "Министрліктер Үйі" аялдама аймағында шоғырланған.

Астана. 15 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Астана қаласыныӊ әкімі Бақыт Сұлтановтыӊ атына жол жүру ақысын төлеудіӊ электрондық жүйесініӊ енгізілуіне байланысты елордада қоғамдық көлік жұмысына мониторинг жүргізу нәтижелерін жолдады.

Мемлекет Басшысы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге, атап айтқанда, халықаралық стандарттарға сәйкес көлік және цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету саласына ерекше назар аударды.

Ағымдағы жылдыӊ шілдесінен бастап Астанада қоғамдық көлікте жол жүру үшін сараланған тариф әрекет етеді, оған сәйкес қолма - қол ақшасыз есеп айырысу кезінде жол жүру құны 90 теӊгені, ал қолма-қол ақшамен төлеу кезінде-180 теӊгені құрайды. Енгізілген жаӊалықтыӊ негізгі мақсаты елорда тұрғындарын "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы шеӊберінде қаражаттыӊ көлеӊкелі айналымын азайту, сапалы көлік қызметтері мен жолаушылар тасымалдарын арттыру үшін төлемніӊ электрондық жүйесін пайдалануға ынталандыру болып табылады. Қала әкімдігініӊ мәліметі бойынша, қазіргі уақытта 93% - дан астам жолаушы жол жүру ақысын төлеу үшін көлік карталарын пайдаланады.

Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа (АҚҰО) келіп түсетін шағымдардыӊ талдауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі мәліметтер астаналықтардыӊ қоғамдық көлік қызметтерін жаӊа жағдайда пайдалану құқығын іске асыруында тежеуші факторлардыӊ бар екендігін көрсетеді. Осы жағдайға байланысты АҚҰО қызметкерлер тобы нақты автобус маршруттарына барып, зерттеу жұмыстарын жүргізді, оныӊ нәтижелері жалпы азаматтардыӊ шағымдарын толығымен растады.

Атап айтқанда, валидаторлардыӊ көлік карталарынан қосарланған тарифті есептен шығару жағдайлары жиі туындап, сондай-ақ, "қарбалас сағаттарда" "кептелістер" салдарынан олар бірінші жол жүргеннен кейін көзделген 60 минут ішінде тегін ауысып отыру мүмкіндігін пайдалануға үлгермей қалатындары жолаушылардыӊ наразылығын тудырады. Көлік карталарын толықтыру мәселелеріне, оныӊ ішінде терминалдардыӊ жеткіліксіз санына байланысты жекелеген назар аударылды. Осылайша, елордада жұмыс істейтін 30 терминалдыӊ тек сол жағалауында барлығы 7 терминал орналасқан, оныӊ 5-і "Министрліктер Үйі" аялдама аймағында шоғырланған. Бұл ретте Сауран, Ақмешіт, EXPO, Ш. Айтматов және басқа да көшелер аудандарында мұндай терминалдар мүлдем жоқ. Сонымен қатар, олардыӊ дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты жағдайлар, соныӊ ішінде терминал арқылы төлем жүргізу кезінде көрсетілген карталарға ақша қаражатыныӊ бірқатар жағдайларда түспейтіні анықталды.

Азаматтардыӊ жекелеген наразылықтары, сонымен қатар, Qiwi немесе Kaspi төлем қызметтері арқылы көлік карталарын толтырудыӊ балама жолдарын пайдалану арқылы туындаған, себебі олар арқылы төлем тек 24 сағат ішінде ғана түседі. Қолданыстағы техникалық кемшіліктерді ескере отырып, SMS және QR кодтары бойынша төлеу нұсқалары толығымен пайдаланылмайды. Жоғарыда келтірілген мән-жайлар азаматтардыӊ әділ сын-қатерлерін тудырады және олардыӊ мемлекеттік қызметтер көрсету саласында оӊ жаӊалыққа объективті баға беруге ықпал етпейді.

Мониторинг жүргізу кезінде сондай-ақ, автобустарда жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде ережелердіӊ бұзылатыны анықталды. Осылайша, жүргізушілер жолаушыларды бірден көліктен түсірмейді, басқа жолаушыларды алдыӊғы есік арқылы отырғызу аяқталғаннан кейін және олардыӊ көлік карталарыныӊ валидациясын жүргізгеннен кейін ғана түсіруді жүзеге асырады, бұл адамдардыӊ шығу алдында топырлап жиналуына және олардыӊ әдетте басқа автобустарға қайта отыруына үлгермеуіне байланысты наразылығын тудырады. Бұл ретте, ҚР Үкіметініӊ 2007 жылғы 8-қарашадағы қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау ережесінде бұл жаӊалық көзделмеген.

Автобустардыӊ жүргізушілерімен әӊгімелесу барысында алынған жол жүру үшін қолма-қол ақша қаражатын қабылдау жөніндегі күн сайынғы жасырын жоспарды белгілеу туралы ақпарат белгілі бір қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, бірқатар жағдайларда жол жүру ақысын қолма-қол төлейтін жолаушыларға билеттер берілмеген. Бұл жағдайлар қоғамдық көліктегі қаражаттыӊ көлеӊкелі айналымыныӊ болжамды азайтылуына және айқындылығына қол жеткізуге ықпал етпейді.

Сондай-ақ, азаматтардыӊ хабарламалары бойынша жекелеген бағыттарда автобустарды күту уақытыныӊ аралығы ұлғайған көлік құралдарыныӊ қысқаруы байқалады. Осыған байланысты жолаушылардыӊ қайта ауысып отыруына жоғарыда аталған 60 минуттық лимит мағынасынан айрылады. Автобус жүргізушілерініӊ жол қозғалысы ережелерін бұзуына (қозғалыс жылдамдығын арттыруға, қауіпті маневрлер жасауға, қозғалыс кезінде ұялы телефонмен сөйлесуіне байланысты және т. б.) жиі болған жазатайым жол-көлік оқиғалар елеулі алаӊдаушылық тудырады. Айта кету керек көптеген жағдайларда өміріне қауіп төнетін егде жастағы адамдар, оқушылар, студенттер қоғамдық көлік қызметін пайдаланады.

Сондай-ақ, автобустарда маршруттық схемалары мен қозғалыс кестелері жоқтығы, аялдамалар дыбыстық байланыс арқылы хабарланып отырылмайтындығы анықталды, бұл жолаушылардыӊ, еӊ алдымен мүмкіндігі шектеулі адамдардыӊ құқықтарын елеулі шектейді және автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау ережесіне қайшы келеді.

Осыған байланысты Омбудсмен қала әкімшілігіне қоғамдық көлік саласындағы қаралып жатқан жаӊалықтарды жүзеге асыратын және жұмысын ұйымдастыратын уәкілетті органныӊ қызметін бақылауды күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ, соӊғы жылдары елордада Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша қалалық инфрақұрылымды жетілдіру және қызметтерді көрсету саласындағы үздік әлемдік тәжірибе енгізілгенін атап өтілді. Сондықтан да қоғамдық көлік саласындағы "Smart City" пилоттық жобасы еліміздіӊ басқа өӊірлеріне одан әрі тарату мақсатында елордада сынақтан өткізіледі. Осы контексте осы қызметтердіӊ тиісінше жұмыс істеуі және оны ұсыну мәселелері ерекше маӊызға ие болмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны