21.09.2006, 13:39 3177

Қазақстан "Singapore Technology Air Space" компаниясымен Астанада ұшақтарға техникалық қызмет көрсету орталығын салу жөнінде келіссөздер жүргізуде

АСТАНА. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан "Singapore Technology Air Space" компаниясымен Астанада батыстың үлгісінде ұшақтарға техникалық қызмет көрсету орталығын салу жөнінде келіссөздер жүргізуде, деп мәлімдеді бүгін еліміздің көлік және коммуникациялар министрі Асқар Мамин.

"Қазір "Singapore Technology Air Space" компаниясымен Астанада батыстың үлгісінде ұшақтарға техникалық қызмет көрсету орталығын салу жөнінде келіссөздер жүргізілуде",- деді министр Астанада өтіп жатқан "Трансеуразия-2006" атты ҮІ халықаралық конференцияда.

2008-жылы Қазақстан тұрақты әуе рейстерінде Кеңестік үлгідегі ұшақтардан біржола бас тартуды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны