31.10.2007, 12:10 2916

Қазақстан Сирия астанасында Ил-Фараби кесенесін салады - ҚР СІМ

Қазақстан Сирия астанасында Ил-Фараби кесенесін салады - ҚР СІМ

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Сирия астанасы Дамаск қаласында Ил-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталық салынады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін таратылған хабарламада атап көрсетілгеніндей, бұл нысандардың құрылысын Қазақстан жағы қаржыландырады.

"Өткен аптада Сирия астанасы Дамаск қаласында "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Сирия Араб Республикасының үкіметі арасында Ил-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталық құрылысын салу мен Дамаск қаласындағы Из-Захир Бейбарыс Сұлтанның кесенесін жөндеудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды", - делінген хабарламада. Құжатқа екі ел үкіметтері тарапынан өкілеттілікке ие болған Қазақстан Республикасының Египеттегі төтенше және өкілетті елшісі әрі Сириядағы елші қызметін қоса атқарушы Бағдат Иміреев пен Дамаск губернаторы Башшар Сабан қол қойды.

Бұл құжатқа сәйкес, Қазақстан жағы Дамаск қаласының ескі бөлігінде орналасқан Бейбарыс кесенесін жаңалау жұмыстары мен Ибу Насыр Ил-Фараби жерленген жерде салынатын кесене мен тарихи-мәдени орталық құрылысын қаржыландырады.

"Қаржы көлемі 4,6 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл жобалардың бас мердігері - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қазреставрация" РМК болып табылады, бұл мекеме аталған нысандардағы жұмыстар толық аяқталғанға дейін бақылу функциясын атқарады", - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Келісімге қол қою рәмісіне қатысқан Сирияның өңірлер істері жөніндегі министрі Аль Атраш Ибу Насыр Ил-Фараби мен Бейбарыс Сұлтан секілді біртуар тарихи тұлғаларға арнап сәулет ескерткіштерін тұрғызудың айрықша маңызын атай отырып, оларды "қазақ жерінде туып, араб дүниесіне танылу арқылы барша Шығыс жұртшылығының мақтанышына айналған тұлғалар" деп атады.

Елші Б.Иміреев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен салынатын Ил-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталық пен Бейбарыс Сұлтанның кесенесі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы шетелдік мемлекет аумағында республиканың қаржысына бой көтеретін бірінші ірі нысандар екенін атап өтті.

Бұл жобалар биыл жүзеге асырыла бастайды. Нысандардың іргетасы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 5-7 қарашаға белгіленген ресми сапары аясында Қазақстан мен Сирия мемлекет басшыларының қатысуымен қаланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны