03.05.2017, 15:22 4382

Қазақстан теміржолдарында "ЭКСПО-2017" логотипті локомотивтер қатынауда

"Біз, теміржолшылар өз кезегінде мемлекеттік маӊызды шараға дайындыққа зор белсенділікпен үлес қосудамыз. Біз өз елімізде шығарылған заманауи локомотивтердіӊ ЭКСПО-2017 логотипімен шалғай станцияларды аралап, жақсы жаӊалықтыӊ жаршысы болатындығын мақтаныш етеміз",- дейді А. Шоқылбаев.

Астана. 3 мамыр. Kazakhstan Today - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ныӊ ЭКСПО-2017 көрмесініӊ логотипі жапсырылған 700-ге жуық локомотиві магистралдық желіде қатынауда, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

"Илемдік "GE Transportation" мен "ALSTOM Transport" компанияларымен бірлесіп шығарған қазақстандық соӊғы үлгідегі локомотивтер халықаралық шараныӊ мән маӊызын еліміздіӊ қиырларына жеткізеді. Маусым айында Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі басталатынын Ресеймен шекаралас Аксарай, Елек, Локоть, Озинки, Қарталы, Құлындыстанцияларыныӊ да тұрғындары білетін болады",-дейді "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ Тартымдық жылжымалы құрамды жөндеу департаментініӊ директоры Бақберген Жақсылықов.

"ҚТЖ- Жүк тасымалы" АҚ Локомотив пен локомотив бригадаларыныӊ жұмысын ұйымдастыру тобыныӊ менеджері Асқар Шоқылбаевтыӊ айтуынша, халықаралық көрменіӊ ел экономикасын дамыту мен инвестиция тартудағы атқаратын ролі зор.

"Біз, теміржолшылар өз кезегінде мемлекеттік маӊызды шараға дайындыққа зор белсенділікпен үлес қосудамыз. Біз өз елімізде шығарылған заманауи локомотивтердіӊ ЭКСПО-2017 логотипімен шалғай станцияларды аралап, жақсы жаӊалықтыӊ жаршысы болатындығын мақтаныш етеміз",- дейді А. Шоқылбаев.

Астана локомотив пайдалану депосыныӊ нұсқаушы машинисі Сырым Беков ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне билет сатып алыпты. Ол теміржол саласында он жылдан бері қызмет етеді. Еӊбек жолын машинистіӊ көмекшілігінен бастаған. Қазір машинист.

"Локомотив машинисі болу оӊай емес. Пойыздардыӊ тоқталыссыз қозғалысын ұйымдастыру әрине табыс көзі. Мұны ұжым мүшелері түгел түсінеді. Біз көрменіӊ ашылуын асыға күтудеміз. Көрме арқылы көлік саласындағы әлемдік жаӊа технологиямен танысқымыз келеді",-дейді С. Беков.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны