07.12.2007, 11:47 1672

Қазақстан үкіметі Каспий теңізіндегі экологияны қатаң бақылауға шешім қабылдауы қажет - Назарбаев

Қазақстан үкіметі Каспий теңізіндегі экологияны қатаң бақылауға шешім қабылдауы қажет - Назарбаев

Астана. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі Каспий теңізіндегі экологияны қатаң бақылауға шешім қабылдауы қажет. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін шетелдік инвесторлар кеңесінің 18-ші отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Каспий теңізі айрықша назар аударуды талап етеді. Мұнда мұнай өндіру жұмыстары таяз шельфте жүргізіледі және біз мұнай операцияларының экологиялық қауіпсіздігіне назар аудармайтын болсақ, бұл Каспийдің биологиялық жүйесі үшін ауқымды залал-зардап болмақ", - деді президент.

"Қазақстан үкіметі, тиісті мемлекеттік органдар, барлық деңгейдегі әкімдер осы өңірдегі экологиялық ахуалға мемлекет тарапынан қатаң бақылау жасауға қажетті барлық шараны қолдануы қажет", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны