22.10.2015, 16:13 3537

Қазақстан Үкіметінде алғашқы отандық электромобиль сынақтан өтуде

"АЗИЯ АВТО" көлік құрастыру зауыты ұсынған автомобиль бір ай бойы Министрлер кабинетініӊ қызметтік паркінде жол сынағынан өтетін болады. Отандық көлік өнеркәсібінде электр күшімен жүретін алғашқы модель - Өскеменде жиналған KIA Soul EV микровэні болды, деп хабарлады "АЗИЯ АВТО" компаниясынан

Астана. 11 Қазан. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі аппаратыныӊ қарауына KIA Soul EV алғашқы қазақстандық электрокары келіп жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"АЗИЯ АВТО" көлік құрастыру зауыты ұсынған автомобиль бір ай бойы Министрлер кабинетініӊ қызметтік паркінде жол сынағынан өтетін болады. Отандық көлік өнеркәсібінде электр күшімен жүретін алғашқы модель - Өскеменде жиналған KIA Soul EV микровэні болды, деп хабарлады "АЗИЯ АВТО" компаниясынан, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қазақстандық көлік өнеркәсібі тарихындағы бірінші электромобильдіӊ ілкі партиясы "АЗИЯ Авто" зауытыныӊ конвейірінен 2014 жылдыӊ желтоқсанында түскен. Айта кетейік, KIA Motors компаниясы Soul EV микровэнін 2014 жылы Чикаго көлік салонында ұсынған, ал биылғы жылы бұл модель Норвегия, Корея, Германия, АҚШ және тағы басқа көптеген елдер нарықтарындағы электрокарлар сегментінде үлкен сұранысқа ие болды.

Автомобиль 200 шақырымға дейін жүру қорын сақтап отыратын сыйымдылығы сағатына 27 кВт литий-иондық полимерлі батареясымен жабдықталған. Soul EV-ніӊ электр қозғалтқышыныӊ 110 литрлік қуаттылығы сағатына 145 шақырым максималдық жылдамдықты қамтамасыз етеді. Бұл модельде орнатылған жылуды реттеу жүйесініӊ арқасында оны кез келген температуралық режимде пайдалануға болады.

2015 жылдыӊ қаӊтар-ақпан айларында Өскеменде құрастырылған KIA Soul EV электромобильдері Шығыс Қазақстан күре жолдарында минус 25 градусқа дейінгі температурада ұзақ қысқы сынақтардан табысты өтті.

"Бүгінде республиканыӊ жолдарында тек 200 электромобиль пайдаланылуда. Бұл сан символикалық. Бірақ бәрінен бұрын бір жылдыӊ ішінде Қазақстандағы экологиялық көлік паркі екі еселенді. Бізде шығарылған KIA Soul EV көлігін үйдегі розетка арқылы зарядтауға болады. Олай болғанымен, республикада экокөліктіӊ одан әрі таралуына оған құятын инфрақұрылымныӊ жоқтығы кедергі болып отыр. Энергияныӊ таза көздеріне арналған ЭКСПО-2017 көрмесініӊ иесі ретінде Қазақстан "жасыл" көлікті пайдалану үшін жағдайлар жасайтыны сөзсіз. Инфрақұрылымныӊ дамуымен бірге біз автомобильдердіӊ сериялық өндірісін де талқылай аламыз. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасадық", - дейді "АЗИЯ АВТО" АҚ-ныӊ президенті Ерік Сағымбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны