06.12.2010, 18:54 5459

Қазақстанда 2011 жылдан бастап "В" және "С" вирустық гепатитімен ауыратын науқастарды емдеу тегін болады - Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда 2011 жылдан бастап "В" және "С" вирустық гепатитімен ауыратын науқастарды емдеу тегін болады - Денсаулық сақтау министрлігі

Астана. 6 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2011 жылдан бастап "В" және "С" вирустық гепатитімен ауыратын науқастарды емдеу мемлекет есебінен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасай отырып.

"В" және "С" вирустық гепатитіне қатысты эпидемиологиялық ахуалды, осы аурумен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, сонымен қатар оны емдеу құнының жоғары екендігін ескере отырып, ҚР үкіметі "В" және "С" вирустық гепатитімен ауыратын науқастарды емдеуге қаржы бөлу туралы шешім қабылдады",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны