03.05.2013, 09:34 12405

Қазақстанда 2012 жылы 30 мыңнан астам қартқа үйінде медициналық көмек көрсетілді

Республиканың денсаулық сақтау жүйесіндегі емханалық мекемелердің барлығында әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар институтын енгізу өткен жылы 30 мыңнан астам 60 жастан асқан қартқа өз үйінде медициналық жәрдем көрсетуге мүмкіндік берді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2012 жылы 30 мыңнан астам қартқа үйінде медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республиканың денсаулық сақтау жүйесіндегі емханалық мекемелердің барлығында әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар институтын енгізу өткен жылы 30 мыңнан астам 60 жастан асқан қартқа өз үйінде медициналық жәрдем көрсетуге мүмкіндік берді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Илеуметтік қызметкерлер институтын енгізудің жағымды әсері үйдегі стационарларда емделген 60 жастан асқан адамдардың санының артуы арқылы көрініп отыр. Осылайша, 2011 жылы үйде медициналық көмек қабылдаған 60 жастан асқан адамдар саны 17 222 адам болса, 2012 жылы үйде 30 мыңнан астам қарт емделген", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кету керек, әлеуметтік әлсіз топтарды (зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған отбасылар) қолдау мақсатында бұрындары 50% жеңілдікпен жіберіліп келген дәрілер 2012 жылдан бастап тегін беріле бастады.

Сонымен қатар, 2012 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қария кісілердің клубтарын дамыту арқылы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс орналастырды.

Илеуметтік тапсырыс шеңберінде 6 өңірде: Астана, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе және Көкшетау қалаларында қария кісілер клубтары ашылды. Жалпы 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республика бойынша медициналық ұйымдарда қария кісілердің 27 клубы жұмыс істеп тұр.

Созылмалы ауру түрлеріне шалдыққан егде жастағы кісілерге тұрақты тексеру жасап отыру үшін учаскелік дәрігерлер мен жалпы тәжірибе дәрігерлеріне көмек көрсету үшін қосымша мейіргерлер қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны