14.09.2015, 19:11 3896

Қазақстанда 20 жыл ішінде эпидпаротит ауруыныӊ көрсеткіші 160 есеге төмендеді

Халықты вакциналау шараларымен кеӊ көлемде қамтудыӊ нәтижесінде соӊғы 20 жылда Қазақстанда індеттік паротитпен ауырудыӊ көрсеткіші 160 есеге төмендеді. 2015 жылдыӊ 8 айында ауру көрсеткіші өткен жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда 1,5 есеге төмендеді (2014 жылдыӊ 8 айында 100 мыӊ тұрғынға 30 жағдай, 2015 жылы 100 мыӊ тұрғынға 20 жағдай)

Астана. 14 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Халықты вакциналау шараларымен кеӊ көлемде қамтудыӊ нәтижесінде соӊғы 20 жылда Қазақстанда індеттік паротитпен ауырудыӊ көрсеткіші 160 есеге төмендеді. 2015 жылдыӊ 8 айында ауру көрсеткіші өткен жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда 1,5 есеге төмендеді (2014 жылдыӊ 8 айында 100 мыӊ тұрғынға 30 жағдай, 2015 жылы 100 мыӊ тұрғынға 20 жағдай), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Індетті паротитті халық арасында "свинка" деп атайды. Ауру ауа-тамшылы жұқпа жолмен сыртқы ортадағы тұрақсыз вирус арқылы туындайды. Сонымен қатар, зақымдану күнделікті тұрмыс бүйымдары, ойыншықтар, жұқпалы ауруға шалдыққан адамныӊ сілекейі арқылы да болуы мүмкін. Аурудыӊ қажалып кеткен түрлері де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда ауруға шалдыққан адамдар жанындағыларға зор қауіп төндіреді. Ауруға 3 пен 15 жас аралығындағы балалар, сондай-ақ ересектердіӊ де шалдығуы мүмкін.

Ауру өте ауыр жағдайда басталады. Ауырған адамныӊ жалпы жағдайы нашарлап, тәбеті төмендейді, басы ауырып, қалшылдай бастайды. Балалар ауыздарын ашқанда, шайнағанда ауыру сезілетіндігіне, ауыз қуысындағы құрғақтықтыӊ пайда болуына шағымданады. Құлақ жанындағы сілекей бездері, сонымен қатар, жақ асты және тіл асты бездері жиі зақымданады. Дененіӊ қызуы 5-7 күн бойы сақталады.

Індеттік паротитпен зақымданудыӊ қатты асқынуға ұласуы жиі кездеседі. Оған ағза бездерініӊ зақымдануы (қалқанша, ұйқы, жыныс т.б. бездер), жүйке жүйесініӊ аурулары (менингит, энцефалит) және т.б. жатады. Аурудыӊ салдарынан диабет, семіздік, ер адамдардыӊ бедеулігі мен аталық безініӊ атрофиясы, әйелдердіӊ бедеулігі мен етеккір циклініӊ бұзылуы орын алуы мүмкін.

Балалар ауруыныӊ негізгі алдын-алу шаралары вакциналау болып табылады. Қазіргі таӊда қызылша, қызамық, індетті паротиттіӊ әлсіз вирустары "бір құтыда" топтасырылған вакциналардыӊ біріктірілген түрі көпшілік көӊілінен шығып жүр. Вакциналаудан бас тарту індетке бейім адамдардыӊ санын арттырып, ауру ошағыныӊ пайда болуына себепкер болуы мүмкін.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны