02.05.2017, 12:43 5387

Қазақстанда аграрлық қызметкерлер үшін ашық деректерге негізделген алғашқы интернет-портал іске қосылды

Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған,барлық ауыл шаруашылық қызметкерлері пайдалана алатын,алғашқы интернет-порталы жұмыс істей бастады,- деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Алматы. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған,барлық ауыл шаруашылық қызметкерлері пайдалана алатын,алғашқы интернет-порталы жұмыс істей бастады,- деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

Порталдыӊ жасаушысы Айдос Аманбай маӊызды жобаны жүзеге асырғаны үшін серіктестері мен "Tech Garden Cup-2016" хакатонын ұйымдастырушылар тарапынан марапатталып, "Үздік жоба-әзірлеу" номинациясын иеленді. Хакатонныӊ технологиялық серіктесі ретінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ тапсырмасы бойынша жарысқа қатысушыларға iOS, Windows немесе Android платформалары үшін мобильдік қосымша мен веб-қосымша жасау үшін data.egov.kz. порталындағы ашық деректерді пайдалану шарты қойылған болатын.

Agrobiz.kz интернет-порталы шаруа қожалықтарыныӊ мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, қаржы институттарымен, ғылыми орта және коммерциялық сектормен байланыстарын жеӊілдету мақсатымен жасалған.

Мысалы, ауылдық аймақтардағы әкімшілік жедел түрде әр түрлі ескерту мен хабарландыруларды өз аймақтарыныӊ шаруа қожалықтарына жібере алады, ал мемлекеттік органдар қауіп-қатер жағдайлары туралы (сел жүру, өрт, зиянкестердіӊ таратылу қауіпі мен карантин аурулары немесе салық төлемдерініӊ мерзімдері туралы) дер кезінде хабар тарата алады. Сонымен қатар, аталған дереккөздіӊ көмегімен шаруа қожалықтарыныӊ иелері қызметтері жайлы актуалды ақпаратты жариялап, өз өнімдерін нарықта жарнамалауға мүмкіндіктері бар. Өз жобасында Айдос Аманбай Ашық деректер (data.egov.kz) порталыныӊ ашық қолданыстағы деректерді барынша пайдаланған. Порталдағы керек деген барлық ақпаратты: көкөніс өнімдерін өсіретін мекемелер мен белгіл бір аудандардағы мал-дәрігерлік емханалардыӊ болуы және т.б. Солайша әзірлеуші тек қана ақпараттық өнім емес жан-жақты ақпаратпен қамтылған ауыл шаруашылық интернет-порталын жасап шығарды.

"Меніӊ пікірімше Ашық деректер -порталдар мен мобильдік қосымшаларды жасаушылар, зерттеушілер үшін өте пайдалы жүйе. Ашық деректерді пайдалана отырып, сан түрлі пайдалы ақпараттық өнімдерді жасауға болады, соныӊ ішінде коммерциялық өнімдер. Жіктеуіш функциясымен қатар, мұнда барлық жүйелер автоматтандырылған, мемлекеттік статистикалық ақпараттар, концепциялар, аудиторлық шаралар туралы ақпарат, есептер және т.б. пайдалы ақпараттар қолжетімді. Ашық деректердіӊ мүмкіндіктері көп. Тек қана қандай ақпаратты нәтижелі пайдаланғыӊыз келетінін таӊдап бастамашылық жасау керек", - деді Айдос Аманбай.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Илнұр Ермағамбетов атап өткендей "Ашық деректер порталында 2000-нан астам деректер жинағы қолжетімді, енді, алға қойған мақсаттарымыздыӊ бірі - жоба әзірлеушілер, бағдарламашылар, хакатонға қатысушылар тарапынан порталдағы деректердіӊ сапасына қатысты пікірлерін алу. "Алдағы уақытта да жас мамандарды ашық деректерді кеӊінен пайдалануға шақыруды жоспарлап отырмыз",- деп қосты И.Ермағамбетов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны