18.05.2015, 18:11 3733

Қазақстанда алғаш рет "Жас жүргізушілер" облыстық конкурсы өткізілді.

Өскемен қаласына 11 сынып оқушылары арасында алғаш рет "Жас жүргізушілер" атты облыстық конкурс өткізілді. 48 оқушы (16 команда) мектепте авто жүргізу ісі сабақтарында алған білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіншілік алды

Өскемен. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Өскемен қаласына 11 сынып оқушылары арасында алғаш рет "Жас жүргізушілер" атты облыстық конкурс өткізілді. 48 оқушы (16 команда) мектепте авто жүргізу ісі сабақтарында алған білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіншілік алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған конкурс ШҚО ІІД Икімшілік полициясы басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасыныӊ бастамасымен ұйымдастырылды.

Конкурс барысында оқушылар команда сәлемдесуі, жол жүру ережелерін білуге тестілер тапсыру, жол-көлік оқиғасынан жарақат алғандарға бірінші медициналық көмек көрсету сияқты түрлі тапсырмалар орындады. Аталған кезеӊдерден сүрінбей өткен жарыс қатысушылары автодромда көлік жүргізу сынағынан өтуге мүмкіндік алды.

Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Өскемен қаласы әкімдігініӊ "Қашықтан және бейінді оқыту мектебі - ресурстік орталығы" оқушылары иеленді. Екінші орынға Үржар ауданы әкімдігініӊ Абай атындағы мектеп оқушылары табан тіресе, үшінші орынды Өскемен қаласы әкімдігініӊ № 45 бейінді мектебініӊ оқушылары иеленді. Сондай-ақ, әр сайыс кезеӊдері бойынша жеке номинациялар бойынша үздіктер анықталды. Жеӊімпаздар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасыныӊ дене шынықтыру және қосымша білім беру орталығы мен Қызыл жарты ай қоғамыныӊ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы әзірлеген грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Осындай облыстық конкурс алғаш рет өткізілгенін айта кету қажет. Ұйымдастырушылар "Жас жүргізушілер" жарысы дәстүрлі сипат алып, жыл сайын тек облыстық көлемде ғана емес, республикалық көлемде де өткізілсе деген үміттерін білдірді.

- 15 жыл бұрын Өскемен қаласында Егемен Қазақстандағы алғашқы қозғалыс жас инспекторларыныӊ (ҚЖИ) слеті өткізілген болатын. ҚЖИ белсенді қызметініӊ 15 жылы ішінде Шығыс Қазақстан облысында 350 000 жасөспірімніӊ қатысуымен 300 ҚЖИ жиыны өткізілді. Жыл сайын Ғазиз Байтасов атындағы республикалық слеттер өткізліп отырады. Қозғалыс жас инспекторларыныӊ негізгі міндеті - балалардыӊ жол-көлік жарақатыныӊ алдын алу және бұл бағытта олар аянбай еӊбек етуде.

"Жас жүргізушілер" байқауы бұдан былай осындай ауқымда өткізіліп, балалардыӊ қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларыныӊ алдын алу шараларына айтарлықтай үлес қосатынына сеніміміз мол, - деп өз ойымен бөлісті ШҚО ІІД ИПБ аға инспекторы, полиция майоры Ақгүл Атудинова.

ШҚО ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны