25.07.2018, 23:01 3322

Қазақстанда автомобильден шықпай жанармайға төлем жасау мүмкіндігі туды

Қазақстанда алғаш рет "ҚазМұнайГаз" жанар-жағар май құю станцияларында мұнай өнімдерін босату кассирдіӊ қатысуынсыз жүргізіледі - автоәуесқой тек қана мобильді қосымша орнатып, оған банктік картаны бекітсе жеткілікті.

Астана. 25 шілде. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" ЖМҚС желісініӊ клиенттері автомобильден шықпай жанармайға төлем жасай алады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Қазақстанныӊ жаӊа цифрлық шынайылығына бейімдеу саласындағы тапсырмасын іске асыру аясында "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС "Цифрлық ЖМҚС" жобасын іске қосты.

Қазақстанда алғаш рет "ҚазМұнайГаз" жанар-жағар май құю станцияларында мұнай өнімдерін босату кассирдіӊ қатысуынсыз жүргізіледі - автоәуесқой тек қана мобильді қосымша орнатып, оған банктік картаны бекітсе жеткілікті.

ЖМҚС-ға келгенде, мобильді интернет сенімді қамтылған аймақта, мобильді қосымшада смартфондағы геопозиция көмегімен клиент автоматты түрде өзініӊ тұрған жерін анықтайды. Тек отын-тарату бағаныныӊ нөмірі, отын түрі және литрмен қажетті көлемі немесе ақшалай түріндегі сомасын теру ғана қалады. Бұдан кейін жүйе автоматты түрде ОТБ қосады және автомобиль жанармайдыӊ тапсырыс берілген көлемі құйылатын болады. Құюды жүзеге асырғаннан кейін жүйе фискалды деректерімен электрондық чекті жолдайды.Автокөлік иелері үшін басты артықшылық - ол кез-келген басқа қаладан жанармайға қашықтан төлем жасау мүмкіндігініӊ болуы.

Сондай-ақ мобильді қосымшада толық бак құю түрі мұқият пысықталған және көлем кем құйылған жағдайда клиенттіӊ картасына соманы қайтаруға кепілдік берілген.

Бұрыннан стратегиялық әріптестер - "ҚазМұнайГаз Өнімдері" мен ForteBank бірлескен жаӊа жобасы жетекші мұнай компанияларыныӊ тәжірибесін, сондай-ақ банк саласындағы алдыӊғы қатарлы технологиялар, классикалық ритейл және электронды коммерция тәжірибесін алды. Оған жанармайды бөлшек сауда арқылы сату саласында алғаш қолданылатын бірқатар инновациялық шешімдер енеді.

"Біз клиенттерге көрсетілетін қызметтердіӊ ыӊғайлы, оӊай және сапалы болуы үшін жаӊа технологияларды енгізуге ұмтыламыз, - деп атап өтті "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС Бас директорыныӊ операциялық басқару жөніндегі орынбасары Асқар Кәрібаев. - Жаӊа жоба электрондық талондар жүйесін енгізумен және штрих-кодтардыӊ көмегімен төлем жасауды бірлесіп пайдаланумен басталған цифрлық өнімдерді дамыту бойынша біздіӊ жұмысымыздыӊ жалғасы болды. Қазақстандық автоәуесқойлар біздіӊ жаӊа өнімніӊ артықшылығын бағалайды деп сенеміз".

- Біз әріптестік дамып келе жатқандығын және Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмасын іске асыру аясында өз үлесімізді енгізуге біз мүмкіндік алғандығымызға қуаныштымыз.Атап өтілген қосымша автокөлік иелері арасында кеӊ тарайды деген сенімдеміз. Ал ForteBank пластикалық карталарын ұстаушылар үшін жағымды бонус, ол 5% СashВack мобильді қосымшадағы сатып алу үшін де есептеледі, - деп атап өтті ForteBank Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Жұмабек Мамутов.

Цифрлық технологиялар - қазақстандық компаниялардыӊ бәсекеге қабілеттілігін көтеру, еліміздіӊ экономикасыныӊ тиімділігін арттыру, ынтымақтастықтыӊ анық және түсінікті ережелері есебінен бизнес-процестердіӊ ашықтығын қамтамасыз етудіӊ пәрменді құралы.

Қосымшаны App Store және Google Play жүктеп алуға болады.

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны