19.05.2016, 11:56 3851

Қазақстанда босандыру мен балалық шақ қызметтерініӊ біріктірілген үлгісі сәби өлімін төмендетуге мүмкіндік береді

Бұл туралы бүгін "Босандыру мен балалық шақ қызметтерініӊ біріктірілген үлгісін енгізу шаралары, миокардтыӊ жіті инфаркті мен онкологиялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсету" тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСИДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығыныӊ директоры (әрі қарай - СӨС орталығы) Жәмила Баттақова

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін "Босандыру мен балалық шақ қызметтерініӊ біріктірілген үлгісін енгізу шаралары, миокардтыӊ жіті инфаркті мен онкологиялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсету" тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСИДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығыныӊ директоры (әрі қарай - СӨС орталығы) Жәмила Баттақова, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол өз сөзінде Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасыныӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі болып негізгі әлеуметтік мәні бар, жұқпалы емес аурулар мен елдіӊ демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар аурулар: миокардтыӊ жіті инфаркті, мидағы қан айналымыныӊ ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша медициналық көмек көрсетудіӊ біріктірілген үлгісін құру болып табылатынын айтты.

"Медициналық көмек көрсетудіӊ біріктілірген үлгісініӊ аясында қызметтіӊ барлық түрлері көрсетілетін болады: профилактика, емдеу шаралары, оныӊ ішінде оӊалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер. Ирбір блок бойынша жол карталары жасалып, Үйлестіру кеӊесі бекітілді, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудіӊ (әрі қарай - МСАК) үйлестіру шаралары негізінде денсаулық сақтау саласыныӊ барлық деӊгейінде қызметтіӊ сапасын, толыққандылығын, сабақтастылығын қамтамасыз ететін біріктірілген медициналық көмек көрсетудіӊ стандарттары жасалуда", - деп хабарлады Жәмила Баттақова.

Республикалық емханалар, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарыныӊ бақылау саласындағы, әрқайсысыныӊ өз бағыты бойынша медициналық көмек көрсетудіӊ барлық деӊгейінде оныӊ тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етудегі ролі мен жауапкершілігі күшейтілді.

"Күрделі технологиялық құрылымдар мен жоғары білікті мамандарды талап ететін қызметтер ауданаралық, аймақтық және республикалық деӊгейде орталықтандырылатын болады. Күрделі технологиялық құрылымдарды талап етпейтін қызметтер тұрғылықты мекен-жай бойынша медициналық ұйымда көрсетілетін болады. Осылайша, қызмет көрсетудіӊ сапасын арттыру, күту уақытын төмендету, диагностика мен емдеу шараларыныӊ негізделмеген әдістерін қолданбау мақсатында пациенттер қозғалысыныӊ маршруттау тетіктері енгізілді", - деп мәлімдеді СӨС орталығыныӊ директоры.

Сонымен қатар, республикадағы медициналық көмек көрсетудіӊ біріктірілген үлгісі отбасын жоспарлау, босану мен кәрілікке дейінгі өмірдіӊ барлық кезеӊінде отбасын бақылауды қамтамасыз етеді.

"Мәселен, Босандыру қызметі ауданныӊ перзентханасынан емес, МСАК ұйымдарынан басталуы қажет. Мұндағы мәселе - отбасын жоспарлау, ата-ананыӊ жауапкершілігі. Фертильді жастағы әйелдер мәселесіне қатысты біз уақытылы скринингтік тексеруді қамтамасыз етіп, олардыӊ жағдайына қарай сауықтыруды бастауымыз керек. Балаларды вакциналауды, жұмыс істеуші тұрғындардыӊ денсаулығын нығайту үшін профилактикалық тексерулерді қамтамасыз ету қажет. Бұл - жұмысқа орналасу кезіндегі алдын-ала профилактикалық тексеру, міндетті кезеӊдік, скринингтік және диспансерлік профилактикалық тексерулер шаралары. Профилактикалық медициналық тексерулер созылмалы ауруларды анықтау шараларын 10-15%-ға ұлғайтып, нәтижесінде уақытша жұмысқа жарамсыздықтыӊ орташа мерзімін 30%-ға төмендетеді. Мұндай әдіс ана мен сәби өлімін төмендетуді қамтамасыз етіп, ауруды ерте кезеӊде және тұрғындардыӊ денсаулығын анықтау сапасын арттырады", - деп атап айтты Жәмила Баттақова.

Естеріӊізге сала кетейік, Денсаулық сақтау жүйесін дамытудыӊ 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде ана (1,8 есеге) мен сәби (1,8 есеге) өлімініӊ көрсеткіші төмендеді, туберкулезбен сырқаттану (1,6 есеге) азайды, негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардан: қан айналым жүйесі ауруларынан (2 есеге), қатерлі ісіктерден (15%-ға), жарақаттану мен уланудан (на 21%) болатын өлім-жітім төмендеді. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші де (жоспар бойынша - 7,62, шын мәнінде 1000 тұрғынға шаққанда 7,52) азайды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны