27.04.2016, 14:33 4971

Қазақстанда бронх демікпесініӊ алдын алу бойынша онкүндік басталды

Бүгін еліміздіӊ барлық аймақтарында 7 мамырға дейін созылатын Бүкіләлемдік демікпе күніне қарай бронх демікпесініӊ алдын алу бойынша онкүндік басталды

Астана. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін еліміздіӊ барлық аймақтарында 7 мамырға дейін созылатын Бүкіләлемдік демікпе күніне қарай бронх демікпесініӊ алдын алу бойынша онкүндік басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараныӊ мақсаты - халықтыӊ бронх демікпесі тудыратын қауіп-қатерлер туралы хабардарлығын арттыру, аталған аурудыӊ алдын алу бойынша қоғам күшініӊ топтасуын жүзеге асыру болып табылады.

Бронх демікпесі - аурудыӊ гиперреактивтілігі және ауыр тыныс алудыӊ қайта-қайта ұстауы немесе бронхыныӊ тарылуы, сілемейдіӊ көп бөлінуі, бронх қабырғасыныӊ ісінуі байқалып, бронхтыӊ бітелуініӊ нәтижесінде тұншықтыратын бронхтыӊ созылмалы аллергиялық қабынуы.

Демікпе дамуыныӊ аса қауіпті факторлары қоршаған ортадағы және аллергиялық реакция тудыратын заттектерге генетикалық бейімділік болып табылады.

Бронх демікпесімен ауыратын пациенттер өз ауруын бақылауда ұстай алады және толыққанды, сапалы өмір сүре мүмкіндігіне ие.

Осы кеӊ таралған және әлеуметтік мәні бар аурудыӊ пайда болуы мен даму қаупін барынша төмендету үшін салауатты өмір салтына, оныӊ ішінде күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану, жеткілікті дене белсенділігімен айналысу, темекі, ішімдіктен бас тарту, дәрі-дәрмектерді үйлесімді қолдану туралы хабардарлықты арттыруға дағдыландыруға топтық және жеке-дара деӊгейде үйрететін шаралар өткізген абзал.

Осы тұрғыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ "Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары" ұлттық орталығы Бүкіләлемдік бронх демікпесі күніне негізделген онкүндік шараларын ұйымдастырып, өткізу туралы ұсынымдар жасады. Бұл - бронх демікпесін ерте диагностикалау мен алдын алу бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарыныӊ медқызметкерлері үшін семинар-тренингтер өткізу, салауатты өмір салты қағидаларын сақтау; демікпе, қауіп-қатерлердіӊ мінез-құлық факторлары мектептерінде, мамандардыӊ кеӊесі көрсетілетін темекі тартуға қарсы орталықтар мен кабинеттердегі мамандардыӊ кеӊесімен бірге сабақтар жүргізу; темекі шегудіӊ алдын алу мәселесі бойынша оқыту шаралары.

Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында педиатрлар, пульмонологтар, аллергологтар және т.б. мамандардыӊ қатысуымен бронх демікпесініӊ алдын алу туралы сынып сағаттарын өткізу бойынша; денсаулық сақтау машықтарын қалыптастыру бойынша рөлдік ойындар мен сабақтар жайында; жетекші медициналық мамандардыӊ, атақты спортшылардыӊ қатысуымен "Денсаулық жарнамасы" флеш-мобтарын өткізу, "Бронх демікпесі қатерлері", "Қауіп-қатердіӊ мінез-құлық факторлары (темекі, ішімдік қолдану, нашақорлық) бронх демікпесініӊ даму факторы ретінде" атты тақырыптарда конференциялар, пікірталастар мен дискуссиялар өткізу туралы ұсынымдар жасалды.

Естеріӊізге сала кетейік, жыл сайын мамыр айыныӊ бірінші сейсенбісінде "Демікпеге қарсы ғаламдық бастамалар" (Global Initiative for Asthma) бастамасы аясында ДДҰ жариялаған Дүниежүзілік демікпе күні 1998 жылдан бастап аталып өтеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны