26.05.2008, 18:32 3012

Қазақстанда бүгінгі күні ірі кәсіпорындардың 16 пайызы ұжымдық келісім жасасқан

Қазақстанда бүгінгі күні ірі кәсіпорындардың 16 пайызы ұжымдық келісім жасасқан

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бүгінгі күні ірі кәсіпорындардың 16 пайызы ұжымдық келісім жасасқан. Бұл туралы бүгін елдің шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша өткен кеңесте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Егер жыл басында қазіргі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 10 пайызы ұжымдық келісімшарт жасасса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 16 пайызға жетті", - деді Б. Сапарбаев.

Бұл ретте ол ұжымдық келісімшарттар негізінен ірі кәсіпорындарда жасалатынын атап көрсетті. Шағын және орта бизнес өкілдері әзірге бұған асығар емес. "Егер жалпы ел бойынша 16 пайыз болғанымен, бұл салада бар болғаны 7,6 пайыз", - деп хабарлады министр.

Осыған байланысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі шағын және орта бизнес өкілдеріне "Ұжымдық келісімшарт жасасыңдар!" акциясына белсенді түрде қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны