30.04.2009, 12:14 3157

Қазақстанда бүгіннен бастап ел аумағында шошқа тұмауының таралып кетуінің алдын алу жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істей бастайды

Қазақстанда бүгіннен бастап ел аумағында шошқа тұмауының таралып кетуінің алдын алу жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істей бастайды

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бүгіннен бастап ел аумағында шошқа тұмауының таралып кетуінің алдын алу жөніндегі үкіметтің жаныанн құрылған жұмыс тобы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысының орынбасары Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сіззің тапсырмаңызға сәйкес, ел аумағында шошқа тұмауының таралып кетуінің алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі ұсыныстарды дайындайтын жұмыс тобы құрылды", -деді С. Ахметов үкімет басшысына қаратып айтқан сөзінде.

Оның айтуынша, "бұл топ жұқпалы ауру таралып отырған елдерден келіп жатқан адамдардың денсаулық ахуалына карантиндік бақылауды күшейту мәселесін ерекше қадағалауға алуды, елге әкелінетін импорттық өнімдерге қойылатын бақылауды күшейтуді, дәрілік заттардың қосымша қорын құруды, шошқа тұмауымен ауырған болуы мүмкін деп күдік туған адамдарды орналастыратын орын-жайларды дайындауды жоспарлауда".

"Бұл топ бүгіннен бастап жұмыс істейді, барлық мемлекеттік органдардың іс-қызметін үйлестіру аталған індеттін Қазақстан аумағына өтіп кетпеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді С. Ахметов.

ҚР Бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоногтың айтуынша, Қазақстан аумағында әзірге шошқа тұмауымен ауыру оқиғасы тіркелген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны