14.06.2007, 18:18 3350

Қазақстанда БҰҰ-ның адам құқығы саласындағы екі хаттамасына қосылуға бағытталған іс-шара басталды

АЛМАТЫ. 14 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда "Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің" екі факультативті хаттамасына қосылуға ел басшылығын жетелейтін ақпараттық науқан басталды, олардың бірі Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Адам құқығы жөніндегі комитетіне республика азаматтарының жүгінуіне жеке мүмкіндік береді, ал екіншісі елімізде өлім жазасын алып тастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Іс-шараны өткізу бастамасын Қазақстанның жас кәсіпқойлар қоғамы көтеріп отыр.

Алматыдағы баспасөз мәслихатында Қазақстанның жас кәсіпқойлар қоғамының атқарушы директоры Олеся Халабузарьдің хабарлауынша, атап айтқанда, науқан аясында қоғам мүшелері парламентке аталмыш хаттамаларды бекітуді талап ететін үндеуге қол жинамақ.

Іс-шара бастамасын көтеріп отырғандар Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы жөніндегі комиететіне республика азаматтарының жүгінуіне жеке мүмкіндік беретін бірінші факультативтік хаттамаға аса назар аудармақ. "Егер Қазақстан бұл хаттаманы бекітсе, еліміз азаматтарының құқығы бұзылғандығы туралы шағыммен немесе наразылықпен халықаралық құрылымға жүгінуге мүмкіндік беретін бірінші механизм пайда болады",- деп түсіндірді баспасөз мәслихатына қатысушыларға Қазақстанның Халықаралық адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі бюросының директоры Евгений Жовтис. Сонымен қатар ол "азаматтың аталмыш комитетке барлық ұлттық қорғау механизмдеріне, соның ішінде Жоғарғы сот пен Бас прократураға жүгінгеннен кейін ғана жүгіне алатын құқығы бар", деп қосты ол.

Сондай-ақ Е. Жовтис, аталмыш хаттама нұсқау сипатында болады, деп атап көрсетті. "Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі Комитетінің шешімі міндетті болмайды, ол нұсқау сипатында болады",- деді ол. Сөйтсе де, бұл нұсқаулар "айтарлықтай күшті моральдық-саяси ықпалға" ие болады, деп атап өтті құқық қорғаушы.

Е. Жовтис Қазақстанда азаматтық және саяси құқықтар туралы пактінің өзі 2006 жылдың 28-сәуірінде күшіне енгендігін еске сала кетті. "Содан бір жыл өтті, үстіміздегі жылы үкімет пакт нормаларын орындау туралы өзінің баяндамасын ұсынатын болар",- деді ол. Сонымен қатар Е. Жовтис, "қазақстандық құқық қорғау ұйымдар тобы пактіні орындау жөніндегі өздерінің алдын-ала баяндамасын дайындап қойғандығын" хабарлады. Е. Жовтистің айтуынша, үкіметтік емес ұйымдардың баяндамасы адам құқығы жөнінде 160-қа жуық нұсқаудан тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны