14.09.2015, 18:24 4012

Қазақстанда "Центр-2015" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

"Батыс" ӨӊҚ "Оймаша" полигонында оқу-жаттығудыӊ ашылу рәсіміне ҚР ҚК Бас штабы бастығыныӊ орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев, ҚР ҚК ИТК Бас қолбасшысыныӊ орынбасары 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов, сондай-ақ Ұлттық ұлан және ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ бөлімдері мен бөлімшелері қатысты.

Астана. 14 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін, 14 қыркүйекте "Центр-2015" командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығу "Оймаша" ("Батыс" өӊірлік қолбасшылығы) және "Шығыс" ("Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы) полигондарында өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Батыс" ӨӊҚ "Оймаша" полигонында оқу-жаттығудыӊ ашылу рәсіміне ҚР ҚК Бас штабы бастығыныӊ орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев, ҚР ҚК ИТК Бас қолбасшысыныӊ орынбасары 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов, сондай-ақ Ұлттық ұлан және ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ бөлімдері мен бөлімшелері қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Өз кезегінде, "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығында 10810, 30217, 44793 әскери бөлімдерініӊ құрамалары мен бөлімдері және ӨӊҚ әскерлері қолбасшысыныӊ басқармалары жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтірілді.

Бөлімшелер оқу-жаттығу өткізілетін ауданға шығарылды, онда басқару пункттерін өрістетті, лауазымды адамдармен жұмыс ұйымдастырылды.

Изірлеме бойынша Қазақстан Қарулы Күштерініӊ бөлімдері мен бөлімшелері шартты қарсыластыӊ шабуылын тойтара отырып, қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Жалпы алғанда, жауынгерлерге бірнеше тактикалық эпизод беріледі. Атап айтқанда, басқару органдары мен бөлімдерді жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтіру, әскерлердіӊ қайта топтасуы, арнайы әскери операцияны жүргізу және құрамдастырылған тәсілмен марш жасау.

"Центр-2015" оқу-жаттығуын өткізу қыркүйектіӊ 14-і мен 20-ы аралығында жоспарланып отырғанын айта кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны