14.10.2008, 12:16 1481

Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыру қоры құрылады

Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыру қоры құрылады

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыру қоры құрылады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен кездесуден кейін Илемдік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чен мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыратын арнаулы қор құруды жоспарлап отырғанын естіп қуандық. Бұл экономикалық жағынан тиімді идея",- деді ол.

"Біз үшін Қазақстанның сыртқы істер министрімен кездесу үлкен абырой. Біз Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының жай-күйі мен жалпы аймақ халқының денсаулық жағдайын жақсарту мен қамтамасыз етуде Қазақстан атқара алатын рөл жайлы талқыладық",- деді Илемдік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны