01.12.2011, 11:56 9535

Қазақстанда Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі жетілдірілуде

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесін құру іс-шараларының аясында ағымдағы жылы ІТ-инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр.

Астана. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі жетілдірілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесін құру іс-шараларының аясында ағымдағы жылы ІТ-инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр.

"Алматы қаласының, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының денсаулық сақтау нысандарында IT-инфрақұрылымдарын қалыптастыру, Қарағанды облысында Денсаулық сақтау саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу, Астана қаласы мен Ақмола облысында - серверлік жабдықтарға техникалық қолдау көрсету жұмыстары қарастырылып отыр",- делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ лицензиялық бағдарламалық қамту мен бағдарламалық кодқа техникалық қолдау көрсету, нормативтік-құқықтық базадағы өзгертулерге сәйкес бағдарламалық қамтуды жетілдіру, Астана мен Алматы қалаларының, Ақмола облысының денсаулық сақтау нысандарында Бірыңғай ақпараттық жүйенің тәжірибелік жұмысын жалғастыру жоспарлануда.

Қазіргі таңда Алматы қаласының, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының денсаулық сақтау нысандарында ІТ-инфрақұрылымдарын қалыптастыру үшін тауарлар жеткізу бойынша келісімшарттар жасалуда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесі (ДБАЖ) - деректерді беру құралдарымен бірге байланысқан, біртұтас жинау, қайта өңдеу, агрегация және ақпарат талдамасы процедуралары негізінде денсаулық сақтауды бүтіндей басқару құрылымын қамтамасыз ететін ортақ идеологиямен, топтаушылар тәсілі және басқа құралдармен біріктірілген бағдарламалық - техникалық құралдар кешені екенін атап өту қажет.

Денсаулық сақтау саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесін құрудың негізгі мақсаты - медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтау тиімділігін арттыру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны