22.08.2018, 19:06 3988

Қазақстанда дизентериямен сырқаттанушылықтыӊ деӊгейі 12 пайызға төмендеді

Дизентерия - бактериялық жіті ішек инфекциясы, оныӊ қоздырғышы бактерия тектес шигелла (дизентерия таяқшасы) болып табылады. Дизентерияныӊ қоздырғыштары ұзақ уақыт сыртқы ортада (бірнеше айға дейін) сақталуы мүмкін.

Астана. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2017 жылдыӊ ұқсас кезеӊімен салыстырғанда дизентерия ауруыныӊ саны 12 пайызға азайды.

2018 жылдыӊ 7 айы ішінде дизентерия ауруыныӊ 180 жағдайы тіркелген, 100 мыӊ тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші - 1,0 (2017 жылдыӊ 7 айында 202 жағдай, көрсеткіш- 1,14).

Дизентерия - бактериялық жіті ішек инфекциясы, оныӊ қоздырғышы бактерия тектес шигелла (дизентерия таяқшасы) болып табылады. Дизентерияныӊ қоздырғыштары ұзақ уақыт сыртқы ортада (бірнеше айға дейін) сақталуы мүмкін. Олар кейбір тағам өнімдерінде (сүт өнімдері, салаттар, винегреттер, асылған ет, тартылған ет, суға піскен балық, компот және кисель және т. б.) сақталып қана қоймай, сонымен қатар көбейеді.

Инфекцияныӊ көзі дизентериямен ауыратын науқастар болып табылады (олардан нәжіспен бірге шигеллалар бөлінеді), сондай-ақ бактерия тасымалдаушылар (дизентериямен ауырып жазылған науқастар және сауыққандай көрінетініне қарамастан микробтарды бөлуді жалғастырушылар). Барлық ішек инфекциялары сияқты дизентерия нәжістік-ауыз арқылыберіледі. Дизентерияныӊ таралуына тамақтандыру және сумен жабдықтау жүйелері қызметкерлерініӊ дизентериямен ауыратын науқастары ерекше қауіп төндіреді. Олардан микробтар тамаққа немесе суға еніп жаппай аурулардыӊ өршуін тудыруы мүмкін. Дизентерия көбінесе су және тамақ өнімдері арқылы беріледі.

Дизентерия инфекциясын тұрмыста жұқтыру үй тұрмысындағы заттар (ыдыс-аяқ, ажыратқыштар, есіктіӊ тұтқалары) арқылы орын алады.

Дизентерия инфекциясыныӊ таралуында жеке бас гигиенасын сақтамау (лас қолдар) үлкен рөл атқарады.

Ауру жіті басталады (бірнеше сағат ішінде) және жалпы айқын интоксикация белгілері - дене қызуыныӊ көтерілуі (38-39 С), қалтырау сезімі, денесініӊ қызу сезімі болады. Сәл кейінірек іштіӊ төменгі бөлігінде ауырсыну, тәулігіне 5 және одан да көп рет, көп жағдайда, қан және шырыш аралас нәжістіӊ жиілеуі, жүректіӊ айнуы, құсу, іштіӊ кебуі пайда болады. Ауыр жағдайларда дизентерия ауруы өлімге әкелуі мүмкін.

Дизентерияныӊ алдын алу мақсатында: бақша дақылдарын (қарбыз, қауын) кесілген түрінде сатып алмау; көкөністер мен жемістерді тамаққа пайдалану алдында ағынды судыӊ ағынымен мұқият жуу, содан кейін қайнаған сумен шаю; тек қайнаған суды немесе бөтелкедегі суды ішу; бейберекет сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау; тез бұзылатын өнімдерді сатып алған кезінде жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарына назар аудару; жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және тоӊазытқыштан тыс жерде сақталған азық-түлікті тамаққа қолданбау; жеке бас гигиенасы ережелерін қатаӊ сақтау, тамақ дайындар алдында, қоғамдық орындарға барағаннан кейін қол жуу керек; түсуге рұқсат етімеген су қоймаларында шомылуға, сүӊгу кезінде су жұтуға болмайтыны ұсынылады.

Осы қарапайым кеӊестерді орындасаӊыз, Сіз өзіӊізді, балаларыӊызды және жақындарыӊызды жіті ішек инфекциялары ауруыныӊ қаупінен сақтайсыз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны