13.07.2012, 17:32 2824

Қазақстанда екі жыл ішінде 30 жекеменшік ЖОО-ны біріктіріледі

"Ағымдағы жылы Қазақстанда жекеменшік 20 жоғары оқу орны, ал келесі жылы тағы да 10-ы біріктірілетін болады", -деп атап өткен министрдің сөзіне қарағанда, ЖОО-ларды оңтайландыру жұмыстары қазірдің өзінде басталып та кеткен. Бұл реттегі министрліктің басты міндеті жекеменшік жоғары оқу орындарын біріктіру арқылы білім ошақтарын үлкейтіп, олардың базасында әлеуеті жоғары бәсекеге қабілетті ұйым құру болып отыр.

Астана. 13-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда екі жыл ішінде 30 жекеменшік ЖОО-ны біріктіріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы кеше Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"Ағымдағы жылы Қазақстанда жекеменшік 20 жоғары оқу орны, ал келесі жылы тағы да 10-ы біріктірілетін болады", -деп атап өткен министрдің сөзіне қарағанда, ЖОО-ларды оңтайландыру жұмыстары қазірдің өзінде басталып та кеткен. Бұл реттегі министрліктің басты міндеті жекеменшік жоғары оқу орындарын біріктіру арқылы білім ошақтарын үлкейтіп, олардың базасында әлеуеті жоғары бәсекеге қабілетті ұйым құру болып отыр.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазірдің өзінде білім беруді жаңарту негізгі үш бағытта, атап айтқанда, білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие беру үдерісін жаңарту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру бойынша басталып кетті", - деді Б.Жұмағұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны