11.12.2007, 10:06 1574

Қазақстанда ЕҚЫҰ ұсыныстарының орындалуына мониторинг жүргізілетін болады

Қазақстанда ЕҚЫҰ ұсыныстарының орындалуына мониторинг жүргізілетін болады

Алматы. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында ЕҚЫҰ ұсыныстарының орындалуына мониторинг жүргізілетін болады. Бұл туралы дүйсенбі күні Дүниежүзілік адам құқы күніне орай өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның халықаралық адам құқықтары және заңдылықтың сақталу бюросының директоры Евгений Жовтис мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Екі идея бар. Мен ол екеуін де Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары іске асырады деп ойлаймын. Бірінші идея - "Қазақстан - ЕҚЫҰ-2010" мониторингі бойынша одақ құру. Яғни, төрағалық ету туралы шешім қабылданғанға дейін Марат Тәжин уәде берген бөлімге және ЕҚЫҰ алдындағы біздің міндеттемелерімізге байланысты бірқатар бөлімдерге қатысты Қазақстанның істейтін барлық істерін үш жыл бойы қадағалау", - деді Евгений Жовтис.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мониторинг тобын құру туралы шешім қабылданып та қойған. Оған Қазақстан мен Еуропаның үкіметтік емес ұйымдары кіреді. Ол арасында Қазақстанға байланысты құрамдас бөлігі бар Еуропаның Орта Азияға қатысты біріккен стратегиясының жүзеге асырылуын қадағалайтын болады.

Осыған байланысты "қазақстан, испан, неміс, ағылшын үкіметтік емес ұйымдар тобы Еуропаның өз стратегиясын, ал Қазақстанның осы стратегия аясында оның берген ұсыныстары мен кеңестерін жүзеге асыруын бақылайтын топ құру туралы шешім қабылданды. Менің ойымша, келер жылы осы мониторинг тобының қызметі туралы Қазақстан қоғамы сан мәрте хабардар болады", - деп хабарлады Қазақстанның халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны