29.04.2016, 12:59 6405

Қазақстанда Эссенциале Форте Н бос капсуладағы дәрілік заты туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Германиядағы Sanofi компаниясында жасалатын Эссенциале Форте Н препаратыныӊ бос капсулада өткізілуі туралы әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Капсулада ұнтақталған зат бар деп ойлайтын тұтынушылар қателеседі. Нұсқауда көрсетілген препараттыӊ сипаттамасына сәйкес, капсулада паста тәріздес қоспа болады. Дәрілік затты көру үшін капсуланы ашып, оныӊ сыртқы қаптамасын сығу керек

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Германиядағы Sanofi компаниясында жасалатын Эссенциале Форте Н препаратыныӊ бос капсулада өткізілуі туралы әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Капсулада ұнтақталған зат бар деп ойлайтын тұтынушылар қателеседі. Нұсқауда көрсетілген препараттыӊ сипаттамасына сәйкес, капсулада паста тәріздес қоспа болады. Дәрілік затты көру үшін капсуланы ашып, оныӊ сыртқы қаптамасын сығу керек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған дәрілік зат Қазақстанда тіркеліп, медициналық қолдануға рұқсат берілген.

Орталық Азия және Кавказ аймағындағы Sanofi компаниясыныӊ қауіпсіздік жөніндегі директоры Денис Астанинныӊ айтуынша, Қазақстанда аталған препараттыӊ жалған түрін қолданудыӊ бірде бір жағдайы тіркелмеген.

"Илеуметтік желілердегі шындыққа жанаспайтын бейнежазбалардыӊ пайда болу себебі - халықтыӊ дәрілік заттарды дұрыс қолдану жөнінде хабардарлығыныӊ аз болуы. Егер де тұтынушылардыӊ препаратқа деген күдігі, наразылығы болған жағдайда, олар өндірушіге хабарласа алады. Оныӊ байланыс құралдары нұсқаулықта көрсетілуі тиіс. Сонымен бірге, Sanofi компаниясыныӊ Қазақстандағы өкілдігінде дәрініӊ сапасы, кері әсер ету жолдары, дәрініӊ жалғандығы бойынша кез келген сұрақтар бойынша кеӊес беретін жедел телефон желісі жұмыс істейді. Оныӊ нөмірі +7(727) 244 50 96", - деді ол.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мниистрлігі кез келген препаратты қолданар алдында нұсқаулықпен танысуды, дәрілік заттыӊ оныӊ сипаттамасымен сәкес екендігіне көз жеткізуге кеӊес береді. Дәрілік зат туралы, оныӊ кері әсері, қолдану тәсілі, қарсы көрсетілімдері туралы барлық ақпарат көрсетілген нұсқаулықты оны қолдану кезіндегі 1 айдыӊ көлемінде сақтаған жөн.

Медициналық препараттардыӊ сапасы туралы барлық мәселелерге байланысты қазақстандықтар ҚР ДСИДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетініӊ аймақтық департаменттеріне жүгінулеріне болады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны