15.12.2015, 18:21 28243

Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттану 1,5 есеге азайды

2015 жылдыӊ 11 айында Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттанудыӊ көрсеткіші өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 1,5 есеге азайып, 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 23 жағдай тіркелді (2014 жылдыӊ 11 айында 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 36 жағдай)

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 11 айында Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттанудыӊ көрсеткіші өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 1,5 есеге азайып, 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 23 жағдай тіркелді (2014 жылдыӊ 11 айында 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 36 жағдай), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстанда халықты жоспарлы түрде індетті паротитке қарсы иммунизациялау қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы біріктірілген вакцинациялау арқылы жүргізіліп келеді. Бұл ҚР Профилактикалық егу ұлттық күнтізбесіне кіреді.

Халықты кеӊ көлемді вакцинациялау нәтижесінде соӊғы 20 жылда республикада індетті паротитпен сырқаттану деӊгейі 160 есеге азайды.

Індетті паротитті халық арасында "свинка" деп атайды. Ауру ауа-тамшылы жұқпа жолмен сыртқы ортадағы тұрақсыз вирус арқылы туындайды. Сонымен қатар, зақымдану күнделікті тұрмыс бүйымдары, ойыншықтар, жұқпалы ауруға шалдыққан адамныӊ сілекейі арқылы да болуы мүмкін. Аурудыӊ қажалып кеткен түрлері де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда ауруға шалдыққан адамдар жанындағыларға зор қауіп төндіреді. Ауруға 3 пен 15 жас аралығындағы балалар, сондай-ақ ересектердіӊ де шалдығуы мүмкін.

Ауру әдетте өте ауыр жағдайда басталады. Сырқаттанған адамныӊ жалпы жағдайы нашарлап, тәбеті төмендейді, басы ауырып, қалшылдай бастайды. Балалар ауыздарын ашқанда, шайнағанда ауыру сезілетіндігіне, ауыз қуысындағы құрғақтықтыӊ пайда болуына шағымданады. Құлақ жанындағы сілекей бездері, сонымен қатар, жақ асты және тіл асты бездері жиі зақымданады. Дененіӊ қызуы 5-7 күн бойы сақталады.

Індеттік паротитпен зақымданудыӊ қатты асқынуға ұласуы жиі кездеседі. Оған ағза бездерініӊ зақымдануы (қалқанша, ұйқы, жыныс т.б. бездер), жүйке жүйесініӊ аурулары (менингит, энцефалит) және т.б. жатады. Аурудыӊ салдарынан диабет, семіздік, ер адамдардыӊ бедеулігі мен аталық безініӊ атрофиясы, әйелдердіӊ бедеулігі мен етеккір циклініӊ бұзылуы, аналық бездерініӊ атрофиясы орын алуы мүмкін.

Балалар арасында аурудыӊ алдын алудыӊ бірден-бір тәсілі вакцинация болып табылады. Вакциналаудан бас тарту - індетке бейім адамдардыӊ санын арттырып, ауру ошағыныӊ пайда болуына себепкер болуы мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны