15.10.2012, 19:39 3174

Қазақстанда "Инновациялық форсаж" атты бірегей жоба басталады - баспасөз баяны

Қазақстанда жыл сайын NIF$50K бизнес-жоспары аясында қазақстандық инноваторлардың бизнес іскерлікті жандандыруына мүмкіндіктер ашатын республикалық байқау өтеді. Шараны Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен "Технологиялық дамыту бойынша ұлттық агенттік" АҚ ұйымдастырып отыр.

16 қазаннан бастап "Хабар" телеарнасында инновациялық бизнес-жоспар республикалық байқауының "Инновациялық форсаж" атты теленұсқасы жарыққа шықпақ.

Байқаудың жеңімпазы 7,5 млн. теңге көлемінде грантқа ие болады.

Қазақстанда жыл сайын NIF$50K бизнес-жоспары аясында қазақстандық инноваторлардың бизнес іскерлікті жандандыруына мүмкіндіктер ашатын республикалық байқау өтеді. Шараны Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен "Технологиялық дамыту бойынша ұлттық агенттік" АҚ ұйымдастырып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба "ҚР 2010-2014 жылдардағы индустриалды-инновациялық қарқынды дамуы" мемлекеттік бағдарламасы аясында инноваторлардың инновациялық белсенділігін жоғарлатуды, аумақтардың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жаңа технологияларды қолданысқа енгізуді, бизнес-жоспарлаудың инновациялық жобаларын үйретуді көздеп отыр.

Ең алғаш осы негіздегі байқау 1990 жылы АҚШ-тың Массачутес технологиялық институтында "MIT$50k BUZINESS PLAN COMPETITION" тақырыпта өткен болатын. Бүгінгі таңда бұл байқау әлемнің 49 елінде кәсіпкерлік пен инновациялық жобалардың сәтті жүзеге асуына себепші болып отыр.

Шоудың бас кейіпкері - сирек кездесетін инновациялық идеяның авторы.

Ұйымдастырушылар идея авторының үздік жобасын жүзеге асыру үшін барлық күштерін салып, көмектеседі. Сондықтан, жоба барысында үздік жоба авторына тәжірибелі мамандар, арнайы консультанттар мен бизнес өкілдері ақыл-кеңес беріп, көмектесетін болады. Жарысқа қатысушылардың бәрі мамандандырылған тренингтерден өтіп, кәсіпкерліктің сан қырлы құпиясымен танысады.

Бұл инновациялық бизнес-жоспар жарысы жас ғалымдардың, болашақ кәсіпкерлердің, тапқыр ойшылдардың сынақ полигонына айналмақ. Ал конкурстың телевизиялық жобасы аталмыш бизнес-жоспар аясындағы кәсіпкерліктің үздік үлгілерін Қазақстанның барлық өңіріне көрсетуді көздеп отыр.

"Инновациялық форсаж" - бұл жаңа инноваторларды табу және олардың инновациялық үздік идеяларын бүкіл елге көрсетудегі үлкен мүмкіндік. Біздің телеарнадан көрсетілетін шынайы инновациялық шоудың халықтың жүрегінен орын алып, инноватор қаһармандарын табатындығына және болашақ жастар үшін кәсіпкерліктің қыр-сырынан толық хабардар бере алатындығына сенеміз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны