18.01.2011, 13:21 5714

Қазақстанда киік аулауға тыйым салу мерзімі 2020 жылдың аяғына дейін ұзартылды

Қазақстанда киік аулауға тыйым салу мерзімі 2020 жылдың аяғына дейін ұзартылды

Алматы. 18 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның ауыл шаруашылық министрінің 2010 жылдың 11-қарашасындағы № 704 қаулысына сәйкес Қазақстанда киік аулауға тыйым салу мерзімі 2020 жылдың аяғына дейін ұзартылды. Аталмыш қаулының мәтіні бүгін ресми БАҚ бетінде жарық көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы аумағында киіктерді аулауға (ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа) тыйым салу", - деп көрсетілген министрдің міндетін атқарушы Евгений Аманның бұйрығында.

Бұйрық жаряланған сәттен бастап, яғни 2011 жылдың 18 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

Үстіміздегі жылы сайғақ аулауға енгізілген тыйымның мерзімі аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны